Публикации: Чулпанова Татьяна Яхьяновна

Об авторе: преподаватель по классу баяна РК, КГКП Школа искусств п.Шахан
  1. Преобразующая сила музыки
    Дата публикации: 11.06.2016 | Описание

    Почему баян для многих любимый инструмент?

    Как устроен баян?

    Как вы думаете, сколько лет баяну? Когда появился баян?

    Какие родственники есть у этого инструмента?

    Какое отношение имеет к баяну выражение «чемпионат мира»?

    Правильно ли утверждение: «Баян − это истинно русский инструмент

  2. Жол қозғалысының жас инспекторы үйірмесінің «Басымдылық белгілері» атты тақырыпта сабақ жоспары
    Дата публикации: 10.01.2016 | Описание

    Жол қозғалысының жас инспекторы үйірмесінің сабақ жоспары

  3. Бастауыш сынып оқушыларына арналған тренинг жаттығулар
    Дата публикации: 14.05.2015 | Описание

    ХХ ғасырдың екінші  жартысынан бастап  психологияның қолданбалы және тәжірибелік салаларында «тренинг» түсінігі пайда болды және кеңінен қолданыла бастады.

    Қазіргі таңда «тренинг» түсінігінің нақты бір анықтамасы болмағанмен, бұл әр түрлі іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылуда. 

  4. Ғасырдың өлім тұзағы-темекі
    Дата публикации: 14.05.2015 | Описание

    Темекі шегу және оның ағзаға әсері – бүгінгі таңда әлеуметтік және медициналық басты мәселелердің бірі.

    Оның басты себебі: темекі – денсаулыққа зор қауіп.

  5. ҚОШ БОЛ, ҚҰТТЫ ӘЛІППЕМ!!!
    Дата публикации: 14.05.2015 | Описание

    Балалар, бұл жол басы даналыққа,
    Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.
    Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
    соларды көре тұра қалалық па?!
    Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
    Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!

  6. Дегелеңдегі жарылыс
    Дата публикации: 14.05.2015 | Описание

    Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі. Заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды.
    Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Кеңес Одағы 1949 жылдан бастап қырық жылдай уақыт бойы Семей өңірінде ядролық қаруды сынақтан өткізді. Бұл сынақтан 300 мыңдай адам зардап шекті.

  7. Су. Табиғаттағы су айналымы
    Дата публикации: 14.05.2015 | Описание

    Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Сусыз өмірімізді елестетудің өзі қорқынышты. Су - тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін  ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді.

    Су табиғаттағы ең көп тараған зат. Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр. Қалған үштен бір бөлігі ғана құрлық. 

  8. Оқу орны – Қарағанды «Болашақ» университеті Мамандығы – Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еңбек өтілі – 1 жыл Жас маман
    Дата публикации: 14.05.2015 | Описание

    М – мейірімді

    Ұ – ұлағатты

    Ғ – ғазиз

    А – ақылды

    Л – лайықты

    І – іскер

    М – маман

  9. Киіз үй атаулары
    Дата публикации: 03.05.2015 | Описание

    Түсінік

    1. Абылайша. Керегесіз, уықтан тігілген шағын киіз үй.
    2. Ақ шаңқан үй. Сүттей ақ, аппақ киіз үй.
    3. Ақтағыр. Екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй.
    4. Жаппа. Керегесіз, киізбен жабылған баспана.
    5. Жолым үй. Уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй.
    6. Қара құрым үй. Киізінің тозығы жеткен, ескі үй.
    7. Қара үй. Киіз үйді кейбір жерде қара үй деп атайды.
    8. Қараша үй. Қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй.
    9. Орда. Еңселі, салтанатты киіз үй.
    10. Отау. Ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй.
    11. Тоңқайма. Бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй.
    12. Ұраңқай. Уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.
  10. Домбыраның құрылысы
    Дата публикации: 03.05.2015 | Описание

    Бөлшектерінің аттары.

    1. Бас. Құлақ. Шайтантиек (бас тиек).
    2. Мойын. Мойынғақ. Перне. Сағақ.
    3. Шанақ. Ернеулік (сулық, көмкерме). Қақпақ.Қауышақ (тілше, шанақша). Серіппе (кергіш, белағаш). Тиек. Тұғыл (өкшелік). Тұғыр ( желкелік). Түйме (түйір). Түйметиек (өкшетиек, кіші тиек).
    4. Ішек. Астыңғы ішек. Үстіңгі ішек.
  11. Қолөнер. Жүннен жасалатын бұйымдар
    Дата публикации: 03.05.2015 | Описание

    Жүннен жасалатын бұымдар.

    Арқандар Жіптер Киіз үй жабдықтары
    Ат арқан.Белдеу арқан.Жел арқан.Желі арқан.Қом арқанҚосарқан.Матау арқан.Сүйретпе арқан.Тарту арқан.

    Бас жіп.Бауыр жіп.Бұғалық жіп.Жан жіп.Керме жіп.Күрде жіп.Ноқта жіп.Өре жіп.Тең жіп.Тұсау жіп.Тізе жіп.Үзеңгі жіп.

    Ақ басқұр.Ала басқұр.Бас бау.Босаға.Дөдеге.Кереге бау.Таңғыш.Түндік бау.Уық бау.Үзік бау.

    Киім-кешектер Мал әбдездері Төсеніштер
    Жабағы күпі.Жадағай шапан.Жүн қолғап.Жүн шолық.Мойынша.Түйе жүн далбағай.Түйе жүн кеудеше.Шекпен.Шидем шекпен.

    Айыл.Асмалдық.Бұйда.Жел бұйда.Жүген. АрқандарҚұр айыл.Ноқта.Түйе ноқта.Шылбыр.

    Алаша.Бөстек.Кілем.

    Шаруашылық бұйымдар
    Дорба.Қанар.Қап. 

  12. Әлібекұлы Төле би
    Дата публикации: 03.05.2015 | Описание

    Әлібекұлы Төле би (1663—1756) — қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руынан. Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар „қарашоғыр" атанған қара шаруа болған» деген дерек береді.

    Төле би кезінде оқыған, ірі сауатты, халқының ақындық шешендік өнерінен тәлім алған адам. Жастайынан ел арасындағы билікке араласып, әділдішімен, шешендігімен, тапқырлығымен төңірегіне кеңінен танылады.

    Тәуке ханның тұсында Төле би «Билер кеңесінің» мүшесі ретінде мемлекеттік істердің оң шешілуіне айтарлықтай үлес қосқан, жыл сайын өтетеін бүкіл халықтық жиынды ұйымдастырушылардың бірі болған. Ол Орта жүздің төбе биі Келдібекұлы Қазыбекпен, Кіші жүздің төбе биі Байбекұлы Әйтекемен бірге Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп бірегей Қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қырғыз, қарақалпақ, өзбек халықтарының одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға белсене қатысады. Бұл Қазақ пен Жоңғар хандықтарының арасы шиеленісіп тұрған кез болатын.

    Тәуке хан өлгеннен кейін Қазақ хандығының іштей әлсіреуіне байланысты Төле би Ұлы жүзді билеп, жоңғар басқыншылары Жетісуды жаулап алуына байланысты біраз уақыт соларға тәуелді болады. Бірақ оларға алым салық төлеп тұрғанымен, саяси билікті өзінше атқарып, «ақ табан шұбырындыдан» кейінгі қазақ қауымын біріктіріп, оларды жоңғар феодалдарының езгісінен зат етуде аса зор ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Ол жоңғар қонтайшысына алым салық төлей отырып, Абылай ханмен, Барақ сұлтанмен, Шақшақ Жәнібек батырмен, сондай ақ Қоқан хандығымен байланысын үзбейді. Бұл ретте жоңғардың Жетісу жерін жаулаған қолбасшыларының бірі Сары Манджаның Төле бидің үйінде өлуі де біраз жайды аңғартқандай. Төле би Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы қарым қатынасты қалыптастыруға күш салды. 1749 жылы Орынбор губернаторы И. И. Неплюевке өзінің жиені Айтбай бастаған елшілік жіберіп, Ресейға қосылу ниетін білдіреді.

    Төле би жоңғар билеушілерінің арасындағы тақ таласын өршіте қолдап, ежелгі жаудың іштей әлсіреуіне ықпал жасайды. Абылай хан мен Төле би таққа таласқан жоңғар нояндарын алма кезек қолдай отырып, ақырында Жоңғар хандығының құлауын қамтамасыз етеді. Бұл Төле бидің Абылай ханмен бірлесе жүргізген сырт саясатының ірі нәтижесі еді.

    Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты айтылатын нақыл сөздер, мақал мәтелдер, билік кесімдер де ел арасына кеңінен тараған. Төле би есімі тек Ұлы жүзде ғана емес, Орта жүз бен Кіші жүзде де аса құрметпен аталады. Бұл оның бүкіл қазақ халқының тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргенінің айғағы. Бұған Төле бидің замандасы, тағдырласы Қаз дауысты Қазыбек бидің «Төле би дүниеден өтті» деген суық хабарды естігенде: «Төле өлді дегенше, дүниеден әділет өлді десейші. Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен, бұл екеуіне кім жеткен?» деп, жер таянып, көзіне жас алуы да куәлік етеді. Бұл үш арысқа тірек болған үш асылдың бірінің екіншісіне берген бағасы. Бұдан асырып, жеріне жеткізіп, айту мүмкін де емес. Өйткені олар қасында бірге жүріп, бір бірінің қадір қасиетін жете таныған алыптар ғой! 

  13. Байбекұлы Әйтеке би (Айтық)
    Дата публикации: 03.05.2015 | Описание

    Байбекұлы Әйтеке би (Айтық) (1644—1700)

    Әйтеке би Бәйбекұлы – Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. Қазақ шежіресінде Жанарыстың бір аталарынан Алшын одан Әлім, Жеті ру тарайды. Әлімнен Түмен, Шөмекей, Төртқара, одан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Ораз (Меккеге барып қажы атанған, Әмір Темір патшаның бас кеңесшісі болған баба). Сол Ораздан Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейтқұл туған. Сейтқұлдан сегіз ұл болған. Соның бірі кезінде Самархан шаһарын 40 жылдай билеген атақты Жалаңтөс баһадүр еді. Жалаңтөс батыр және оның ерлігі, ел билеудегі беделі жөнінде жазба деректер аз емес.

    Сейтқұл әулиенің енді бір баласы Ақша. Одан- Шан, Бәйбек, Қонысбек, Жоламан, Бекмембет, Бекенші ұрпақтары өсіп өнген. Бәйбектен Кешубай, Қашқын, Әйтеке туған. Әйтекеден Қонысбай, Жылтыр деген екі ұл қалған. Бұлардан тараған ұрпақтар ұзақ жылдар Самархан, Нұрата тауының төңірегін мекен еткен.

    «Тобықты Әнет бидей баталы бол, Кіші жүз Әйтекедей аталы бол» деп атақты Сегіз серінің батасында айтылғандай, Әйтеке би аталы тұқымнан. Оның арғы атасы Сейітқұл Жәдікұлы Шығай ханның серігі болған. Шығай хан Бұқардың Абдолла ханымен одақтас болып, Сырдарияның сағасындағы қонысын тастап, Самарқанның теріскейіндегі Нұрата тауына көшкенде, сонымен бірге қарауындағы елін ертіп, қотарыла көшіп келеді. Осы Сейітқұлдың сегіз баласының бірі — Әйтеке бидің әкесі Ақша да, бірі — кейін Самарқанның билеушісі болған, қазақ ханы Салқам Жәңгір 600 жауынгермен жоңғар қоңтайшысы Батырдың 50 мың әскерінің өтінде қалғанда, дер кезде көмекке жетіп, қазақ қолына айтулы жеңісті суырып әперетін атақты Жалаңтөс баһадүр. Жалаңтөс Самарқанға әмір болғаннан кейін ағасы Ақшаны Қоқанның ханы етіп сайлатады.

    Әйтеке жеті жасынан атасы Ақша ханның тәрбиесінде болған. Ел басқару ісіне, басқа елдерден келген қонақтарды қабылдау, халық арасындағы даудамай, келісім, бітім істеріне қатыстырып отырған.

    Екінші жағынан ауыл молдаларына оқытқан. Он жасынан атасы оны Жалаңтөс батырдың балаларымен бірге бұхарадағы медресеге оқуға береді, Ол оқуды үздік тәмәмдайды. Араб, парсы, тілдерін уйреніп шығады. «Әйтеке жиырма бес жасында Төртқара еліне би болады. Ал отыз жасында 29 рудан құралған бүкіл Кіші жүздің, яғни, алты ата Әлімнің 4 ата Кетеннің, 12 ата Байұлының, 7 ата Жетірудың төбе биі болып сайланады», содан бұл дүниеден өткенше ел билігінде жүреді.

    Бір жағынан Қытай, бір жағынан жоңғар, енді бір жағынан қазақ-орыс жерін торлап, шекараға әскерлерін шоғырландырған қиын күндерде Әйтеке би Төле бимен, Қазыбек бимен біріге отырып, елді, жерді қорғауға белсене араласады. Мәртөбе мен Күлтөбеде күнде жиын кезінде алты алашты аузына қаратқан сол үшеудің біреуі — орақ ауыз, от тілді Әйтеке би ел басына терістік шығыстан қара бұлт үйіріліп келе жатқан қарсаңда бір мақсатта тізе ажыратпай талай жыл бірге күрескен серіктерін тастап, дертті болып, ата жұртына — Нұрата тауына оралады. Ол дерт Алланың жіберген ауруы емес, «Тура би туғанына жақпайды» деп, ел тағдырына қатысты мәселеде бет пен беделге қарамай турасын тіліп айтқан бидің сөзін кек тұтқан сұлтандардың қастығы еді.

    Ата жұртқа келер алдында Төле би, Қазыбек би секілді үзеңгілес серіктеріне сәлем ретінде жолдаған ұзақ толғанысында Әйтеке би: «Елінен айырылған ер бақытсыз, жерінен айырылған ел бақытсыз. Құдайым ондай күнді маған көрсетпегей!» деген екен. Елім деген ердің тілегі ақ қой қашанда. Көкірегі даңғыл дана би өзі тілегеніндей елінің «ақтабан шұбырындыға» ұшырағанын көрмей, бұ жарық дүниемен хош айтысты.

    Ел арасында Әйтекенің ең алғаш рет билік, тапқырлығымен көзге түсуін жұрт былай аңыздайды:

    Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:

    -Ассалаумағалейкум, ағалар!- деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.

    Жолаушының жасы үлкені.

    -Cәламат бол балам, мынау қай ауыл?

    -Төртқара, Cейтқұл аулы.

    -Өзің кімнің баласысың?

    -Бәйбектің баласымын.

    -Атың кім?

    -Әйтеке.

    -Қосуақ бидің аулы қайсы?

    -Анау қырдың астында, онда не шаруаларыңыз бар еді?-деп, сұрайды бала.

    -Даулы болып келеміз,-дейді әлгі қарт жолаушы. - Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз.

    Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып:

    -Балаңызды ат босағада тепсе - бүтін құн, жабықта тепсе-жарты құн, түзде тепсе- төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын-дейді.

    Үш жолаушы қырдан асып, қосуақ бидің уйіне барады. Биге өздерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген Әйтеке баланың кесімін айтып, балаңызды ат түзде тепсе-төрттің бірін алыңыздар-деп, әлгі құн даулап барғандарды риза етіпті.

    Сонда өлген баланың әкесі:

    -Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүрген Әйтеке деген бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар-деген екен.

    Билер тарихында қазақтың Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билердің орны ерекше. Бұл үшеуін өз дәуірінде елін, жерін шапқыншы жаудан қорғап қалуда, елдің, халықтың бірлігін ынтымағын сақтауда зор еңбек сіңірген хандарға, патшаларға ақыл кеңес берген билердің биі, ұлыстың ұлы биі, бас би, ата би, баба би, көсем би деп қадыр тұтамыз.

    Қазақ халқының бұл үш биі ел басынан күн туғанда, қиыншылық кезінде билер кеңесі кезінде де, ел жиналған айт, ас той тұсынд да, жер дауы, жесір дауы, күн дауы, көтерілген жерде де, бірге бас қосып, ел тағдырын бірге шешісіп келген. Кейде ек би шешімге келе алмай, қалғанда үшіншісі ортадан билік айтып дауды тындырып отырған.

    Ертеде ұлы жүздің бір жігітіне атастырып құда түсіп қойған орта жүздің бір қызы арғынның жігітімен қашып кетеді. Екі ел арасында жесір дауы басталады. Бірінің бірі жылқысын барымталап кетеді. Төбелес, жанжал шығады. Екі жақтың кісілері Төле би Қазыбекке жүгініседі. Қазыбек:

    -Аға болып алдымен туасың

    Барымталап жылқымды қуасың-

    Десе, төле би оған:

    Артымнан ерген еркемсің

    Ағаңның көзі тірісінде

    Жеңгеңді неге ертесің?-

    деп өкпе артады. Екеуі ұзақ сөз жарастырады, бір мәмілеге келе қоймайды. Сонда ортадан әйтеке би тұрып:

    -Сабыр етіңдер ағайын! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.

    -Ашу деген ағын су,

    Алдын ашсаң арқырар

    Ақыл деген дария,

    Алдын тоссаң тоқырар

    Кісі бірге туыспау керек,

    Туысқан соң сөз қуыспау керек

    Сөз қуған бәлеге жолығады

    Жол қуған олжаға жолығады.

    Төле сен, жылқысын қайыр

    Қазыбек, сен жесірін қайыр!

    Деп, екеуін келістіріп қол алыстырыпты. Ел Әйтекенің бұл билігіне риза болып екі жағы бітімге келіп, тынышталыпты.

  14. Келдібекұлы, Қазыбек би
    Дата публикации: 03.05.2015 | Описание

    Келдібекұлы, Қазыбек би (1665—1765) — қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі.

    Шыққан тегі Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан. Қазыбектің анасы Тоқмейіл ұтымды да тапқыр сөздерді көп білетін зерек кісі болыпты. Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол ер жете келе өзі де солай сөйлеуге машықтана бастайды. Осы өнерінің арқасында бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би», «алты алаштың ардағы» деген атаққа ие болады. Содан болар Тәуке хан мемлекет тұтастығына жарықшақ түсірмей, халықты бірлікте ұстау үшін үш жүзді өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқарғанда, Орта жүзге осы Қазыбек биді тағайындайды. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ хандығының ішкі сыртқы саясатына елеулі ықпал жасап отырады.

    Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. Абылай сұлтан жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға белсене араласады.

    Сондай ақ ол Ресей, Бұқар, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге де араласып, бейбітшілік пен достықты дәріптеуші мәмілегер болған, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған. «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» деп, ол елшілік қызметті де мінсіз атқарған тұңғыш дипломат. Оның тұңғыш рет он сегіз жасында елшілікке атшы болып барып, басшы болып қайтқаны ел аузында әлі күнге аңыз болып айтылады.

    1760 жж. Чиң империясы Қазыбекті өз жақтарына тарту мақсатымен оған елші жіберіп, мол сыйлықтар тартады. Бірақ ол Қытайдың қол астына қарауға қарсы болады. Сөйте тұрып, Абылайды Чиң империясымен тығыз қарым қатынас жасауға шақырады.

    Үш жүздің ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мәселелердің басы қасында жүріп, хандардың сенімді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған Қазыбек әр кез батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай ақ ақылымен жол тауып, ел бірлігінің емшісі бола білген. Әбілқайырды өлтіріп, ел бірлігіне сызат түсуіне себепші болған Бараққа: «Сылтауратып сытыла алмайсың, не өліп тынасың, не жөніңмен жеңіп құтыласың, екінің бірі, Барақ» деуі,ақыр соңында оны мойындатып: «Уа, би аға! Айттың сен, көндім кебіңе» деуге мәжбүр етуі тек Қазыбектей айбыны ай жасырған текті бидің қолынан ғана келсе керек.

    Шоқан Уәлиханұлының «XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» деген еңбегінде:

    Абылай ханнан үш жүздің батырларының ішінен кімді ерекше құрметтейсіз деп сұрағанда, ол: "Бізге дейінгі ерлерден екі кісіге таңқалуға болады. Оның бірі 90 туысын Қалдан Сереннің тұтқынынан құтқарған қаракесек Қазыбек те, екіншісі өзінің сондай тұтқындағы туысын құтқарған уақ Дербісәлі. Мұның алғашқысы Қалданға өзі барып, сұрап алды. Соңғысы өзінің аулында отырып, жауын қорқытып алды деп жазады. Бұл заманында ақылымен қатарынан озған дана биіне ел басшысының берген нақ та әділ бағасы еді. 

  15. Құмар баба мен оның ұлы Баба Түкті Шашты Әзіз
    Дата публикации: 03.05.2015 | Описание

    Құмар баба мен оның ұлы Баба Түкті Шашты Әзіз

    ...Аланның мақамы ғажап мақам дүр,
    Ол мақамды білуге басшы керек.
    Тарихаттың басына жақсы керек,
    Осы жолда серттен таймас серке керек.
    Ондай көсем жұмақта сайран қылар.
    (Құл Қожа Ахмет «Хикметтер», 59-хикмет).

    Табиғаттың аумалы-төкпелі адуын мінезі секілді кейде адамзат жан дүниесінде де ауық-ауық буырқанған кезеңдер болып өтеді. Дауыл дүрліктірген теңіз бетіндей тау-тау толқын жылдар сананы сапырып, кейде құрдымға бастап, кейде оқыстан әлде бір бейтаныс жағалауға шығарып тастайды. Мұндайда сергек рух қана шағаладай шарқ үрып, тыным таппайды. Олар қонар тұғырын іздейді. Рухы бастаған бүкіл халық шиыршық атып талпынысқа түседі. Ол болашақтың қамы, ол — бүгінгі ізденіс, ол — жан дүниесінің талпынысы. Адам жаны талпынбай, тыныш өмір сүруге жазбаған. Ол шындық жолы! Мынау ғаламдағы орны! Көңіл орнықпай байыз табу мүмкін емес. Өйтпейінше хайуанша күн кешпек. Бұлғақ аңсаған рух бұған көнбек емес. Бұл аласапырандағы Адам-Тәңірі — Құдай — Рух — жан — дүние, мына өмір мен ана дүние, беймәлім үрейлі де тылсым, әлі күнге дейін ешкім оралмаған бақи әлем. Осы дауылды теңізде алдан жылтырап көрінер бағдаршам болғаны игі! Сол бағдарыңнан, сол үстап қалған сәулеңнен айырылмасаң жан тыныштығы жайланар жағалау, шарқ ұрған әлгі шағала-рухтың тұрақтап қонар тұғыры да көріне бастауы кәміл.

  16. Моңғол қазақтарының әдебиеті
    Дата публикации: 01.05.2015 | Описание

    Атамекендегі қазақ әдебиетін алып бәйтерекке теңесек, моңғолиядағы қазақ әдебиеті соның бір мәуелі бұтағы болып табылады. Бұл өлкедегі қазақтар арасынан жиналған фольклорлық мұра 5 том кітап боп жарыққа шықты.

  17. Қытайдағы қазақ әдебиеті
    Дата публикации: 01.05.2015 | Описание

    Әдебиет деген алып байтеректің сандаған бұлақтардан құралатыны даусыз. Олай болса қазақ әдебиеті деп аталатын ұлы ұғымды Қазақстан көлемімен ғана шектесек сыңар жақты көзқарас болар еді. Қазақ әдебиеті әлемдегі қазақ қоныстанған барлық елде өз өркенін жайып, тамыр тартты. Әсіресе, екі милионға жуық қандастарымыз қоныстанған қытай елінде де біздің әдебиетіміз өз жетістігімен өзгешеленеді, әрі қазақ әдеби мұраларының құнды да құнарлы қазынасы сақталған алып әдеби орта екені ақиқат. Ал, біз кейде сондай әдебиетімізбен мәдениетіміздің мәйегі болған қандастарымыздың құнды еңбегін бағалай алмай жатамыз. Жақында ғана Алматыда «Жазушы» баспасынан жарық көрген Шәміс Құмарұлының «Бөке батыр» романын оқып отырып ойларымыздың шындығына онан ары көз жеткіземіз. Осы орайда қытайда болған күндерімде жазушы Шәміс Құмарұлы ағамызбен сәті түсіп сыр бөліскен едім. Сөзіміздің дәлелі де мәйегі сол сұхбатымыз болсын.

  18. Абылай хан
    Дата публикации: 01.05.2015 | Описание

    казахский хан
    В 1711 году у Коркем-Вали, султана Среднего жуза Казахского ханства, родился сын, названный Абилмансуром. Родословная этого мальчика берет начало от Джучи, сына самого Чингизхана. Дед Абилмансура, Абылай, владетель казахского города Туркестан, прославился боевыми доблестями и прозвищем «Кровопийца».

    Когда Абилмансуру было тринадцать лет, в междоусобных распрях погиб его отец, и мальчику пришлось спасаться бегством и скрывать свое происхождение. Он стал работать у богатого казаха простым пастухом, но и на столь непрезентабельном поприще сумел показать себя человеком блестящего ума и прочих достойных качеств, позднее выдвинувших его в ряд самых известных людей Казахского ханства. За поразительное умение находить выход из любого положения юношу прозвали Сабалаком или Аруахом («воплотившимся духом предка»).

    Для казахов это время было временем активной борьбы против захватчиков их земель, и Абилмансур участвовал в этой борьбе с пятнадцати лет. Сначала он был обычным воином, но быстро превратился во влиятельного батыра, проявив мужество и смекалку во многих сражениях и единоборствах. Одну из первых своих серьезных побед он одержал в битве казахов против джунгар, называемой Анракайским сражением.

  19. Мен және менің құқықтарым
    Дата публикации: 01.05.2015 | Описание

    сыныптан тыс шара 

  20. Жаяу Мұса Байжанұлы
    Дата публикации: 01.05.2015 | Описание

    Өмірбаяны
    Алғаш ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. Оң-солын тани келе өнер-білім қуып, Қызылжар, Омбы қалаларына келеді. Омбыдағы орыс мектебінде оқиды, қала өнерпаздарымен араласып, домбыра, сырнай, скрипка аспаптарын тартуды меңгереді, өзінің сезім-күйін әнге қосуға машықтанады, музыкалық әдеби кештерге араласады. Бойындағы өнерін жұрт алдында көрсете бастайды.

    Stamps of Kazakhstan, 2010-13.jpg
    Қалада өткерген жылдарында Жаяу Мұса сол кездің саяси-әлеуметтік өмірін тереңірек танып, туған елінің бодандықтағы мүшкіл халіне ой зерделетіп, санасы толысқан шағында елге оралады. Ел ішіндегі әлеуметтік әділетсіздіктер мен сыртқы өктемдікті жай ғана бақылаушы болып қана қалмайды, өзінің ұстанымын тиісті жерінде өнерімен де, іс-әрекетімен де көрсетіп отырады. «Ақ сиса» сияқты әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеген әндері ел ішіне тарай бастайды.

    Ақыры Жаяу Мұсаға «Патша саясатына наразы адам» деген айып тағылып, Тобылға жер аударылады. Тобыл түрмесінде ол генерал-губернаторға хат жазып, әскер қатарына сұранады. Мұсаның өтініші қабылданады. Осылайша, оның әскер қатарындағы әр қиырды шарлаған күрделі өмірі басталады. Тобыл, Орынбор, Қазан, Новгород, Мәскеу, Владимир, Петербор қалаларында, Полония, Литва жерінде болады.

    Кейін Қоқан хандығының саясатына қарсы жұмсалған полковник М.Черняевтің әскерінің құрамында Алатау, Әулие-ата, Шымкент жорығына қатысады. Осы жорықта Ресей әскерінің зорлықшыл әрекеттерін көзімен көрген Жаяу Мұса қатты налиды, ән-жырына қосады.

  21. Жамбыл Жабаев
    Дата публикации: 01.05.2015 | Описание

    Жамбыл Жабайұлы (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.

    Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Майкөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.

  22. Есімдік
    Дата публикации: 01.05.2015 | Описание

    Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы.[1] Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.
    Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:

    жіктеу есімдіктер;
    сілтеу есімдіктер;
    сұрау есімдіктер;
    өздік есімдіктер;
    белгісіздік есімдіктер;
    болымсыздық есімдіктер;
    жалпылау есімдіктері;

  23. Бейімбет Майлин
    Дата публикации: 01.05.2015 | Описание

    Бейімбет – поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап ақ ел өмірінің сан сала көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң мұқтажын, арман аңсарын, әсіресе азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай – типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған. Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі», «Хан күйеуі», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.

  24. Ахмет Байтұрсынов
    Дата публикации: 01.05.2015 | Описание

    Өмірбаяны

    Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы,Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған.

    Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.

  25. Әбу Насыр Әл-Фараби
    Дата публикации: 01.05.2015 | Описание

    Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ‎) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыказерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «...философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет.

  26. Тарихта қалған ұлы адам - Омар Хайям
    Дата публикации: 01.05.2015 | Описание

    Уроженец города Нишапура в Хорасане (ныне иранская провинция Хорасан-Резави). Омар был сыном палаточника, также у него была младшая сестра Аиша. В 8 лет глубоко занимался математикой, астрономией, философией. В 12 лет Омар стал учеником Нишапурского медресе. Он блестяще закончил курс по мусульманскому праву и медицине, получив квалификацию хакима, то есть врача. Но медицинская практика мало интересовала Омара. Он изучал сочинения известного математика и астронома Сабита ибн Курры, труды греческих математиков.

    Детство Хайяма пришлось на жестокий период сельджукского завоевания Центральной Азии. Погибло множество людей, в том числе значительная часть учёных. Позже в предисловии к своей «Алгебре» Хайям напишет горькие слова:

  27. Ғабиден Мұстафин
    Дата публикации: 01.05.2015 | Описание

    Ғабиден Мұстафин (1902 - 1985жж.)

    Әдетте, жазушының ізденісі мен өмір жолы көркем шығармасында із қалдырып, ел басынан кешкен тарихи оқиғалар сайрап жатады. Ғабиден Мұстафин мұрасы – осынау қағиданың дәлелі мен айғағы.

    Ол 1902 жылы Қарғанды облысының Тельман ауданында шағын дәулетті отбасында өмірге келді. Талапты бала әуелі ауыл молдасынан оқып сауатын ашады. «Басқа оқу жоқ еді» - дейді ол кейін жастық шағын қынжыла, мұңая еске алып. Кішкентай жүректе жанған шырақ оқу - білім іздетеді, 1916 жылы зауыттағы орысша - қазақша мектептің төртінші сыныбына түсіп, бір жылдан кейін бітіріп шығады. «Қайтып оқуға мұрша болған жоқ» - деп өкінеді кейін жазушы.

    1918 - 1925 жылдары ауылдық кеңестің әр алуан жұмысына араласады. Білімге деген құштарлық Қазақстанның сол кездегі орталығы Қызылордадан оқу іздетеді. Бірақ балалық шағында алған шамалы білім оқу орнына түсуге мүмкіндік бермейді де, жоғарғы сотқа қызметке орналасады. Жазушының өзі айтқандай, көркем әдебиетке деген құштарлығы осы жолдары оянады.

    Жиырмасыншы жылдары туған еліміз үшін аса бір маңызды кезең еді. Ауылдағы негізгі тартыстар Азамат соғысынан кейінгі ауыртпалықтар, әлі мен солын айыра бермейтін кедейлердің қиын хал - күйі төңірегінде өрбитін. Жастайынан талай қиянат көрген болашақ жазушы қайнаған өмір ағымынан сырт қала алмады. Өзінің алғашқы қадамы туралы «көргенімді, сезгенімді жазатынмын» - дейтін Ғабең. Демек, жазушылық өмірінің алғашқы сәтінен бастап бүкіл өнер жолына үлкен әсер осындай тартыстардың қызу ортасы еді.

  28. Габит Мусирепов
    Дата публикации: 01.05.2015 | Описание

    Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (22 наурыз 1902 - 31 желтоқсан 1985) – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.

    Қазақ КСР ҒА академигі (1985), Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақстан халық жазушысы.

    Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961), КСРО Жазушылар Одағының хатшысы, КСРО Жоғары Кеңесінің 5-шақырылымындағы және ҚазақКСР Жоғары Кеңес депутаты.

  29. Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу әдістемелері
    Дата публикации: 29.04.2015 | Описание

    Балалардың қасиеттерін анықтау және дамыту бастауыш мектептің басты міндеті болып табылады. Бастауыш мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мазмұны баланы мектеп жағдайына дайындауды қамтамасыз етуі қажет.

    Баланы мектепке психологиялық тұрғыда дайындау ата-аналар мен бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлестігінің негізінде табысқа жететін мәселе және бұл болашақ мектеп табалдырығын атттайын деп тұрған бүлдіршінлерді де толғандырады.

    Көпшілік ата-ана бала мектепке барғанша хат танып және жазу, санау машықтарын игеріп барса, жеткілікті деп ойлайды. Бірақ бұл баланың мектепке барған соң өте жақсы оқып кетуінің негізгі кепілі болып саналмайды.

    Оқу, санау, жазу машықтарын игеріп барған саын баланың өзі, кейде ынтасы түсіп оқуға қызығыушылығы болмайтын кездері болады. Оның негізгі себебі, сабаққа зейінін шоғырландыра алмай, селқос, салдыр-салақ, оқу материалдарын қалай болса-солай тыңдайтын, үй тапсырмасын өз бетінше орындау кезінде логикалық ойлауы, есте сақтауы, таным процестері өз дәрежесінде толық дамып, жетілмегендіктен, яғни оқу әрекетін меңгермеген деп есептелінеді.

    Сло себепті балалардың танымдық белсенділігін, зейінділігін, пайымдауын, талдап салыстыру, жалпылау мен рекше белгілеріне қарап ажырату дағыдларын қалыптастырудың олардың қабілеттерін диагностика негізінде анықтап және оларды дамытудың маңызы ерекше.

  30. Ахмет Байтурсынов
    Дата публикации: 29.04.2015 | Описание

    Ахмет Байтұрсынов 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысының Торғай өңірінде дүниеге келген.
    "Мен Торғай уезінің Тосын болысындағы №5 ауыл қазағының баласымын. 1886-1891 жылдары екі кластық Торғай училещесінде оқыдым.1891- 1895 жж.Орынборда оқыдым. 1895 жылдан Торғайдың әр жерінде, бастауыш училищелерде, мектептерде жұмыс істедім",- деп жазған екен.

  31. Аль-Фараби
    Дата публикации: 29.04.2015 | Описание

    Аль-ФарабиАбу Наср Мухаммед ибн Мухаммед ибн Тархан ибн Узлаг аль-Фараби ат-Турки родился в городе Фарабе на Сыр-Дарье при впадении в нее реки Арысь в 870 г. Он происходит из семьи знатного тюркского военачальника, что явствует из термина "тархан".
    Бассейн Сыр-Дарьи сыграл в истории своего региона такую же роль как Нил для Египта, Тигр и Ефрат для Месопотамии.