Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

презентация Байбекұлы Әйтеке би (Айтық)

Байбекұлы Әйтеке би (Айтық) (1644—1700)

Әйтеке би Бәйбекұлы – Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. Қазақ шежіресінде Жанарыстың бір аталарынан Алшын одан Әлім, Жеті ру тарайды. Әлімнен Түмен, Шөмекей, Төртқара, одан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Ораз (Меккеге барып қажы атанған, Әмір Темір патшаның бас кеңесшісі болған баба). Сол Ораздан Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейтқұл туған. Сейтқұлдан сегіз ұл болған. Соның бірі кезінде Самархан шаһарын 40 жылдай билеген атақты Жалаңтөс баһадүр еді. Жалаңтөс батыр және оның ерлігі, ел билеудегі беделі жөнінде жазба деректер аз емес.

Сейтқұл әулиенің енді бір баласы Ақша. Одан- Шан, Бәйбек, Қонысбек, Жоламан, Бекмембет, Бекенші ұрпақтары өсіп өнген. Бәйбектен Кешубай, Қашқын, Әйтеке туған. Әйтекеден Қонысбай, Жылтыр деген екі ұл қалған. Бұлардан тараған ұрпақтар ұзақ жылдар Самархан, Нұрата тауының төңірегін мекен еткен.

«Тобықты Әнет бидей баталы бол, Кіші жүз Әйтекедей аталы бол» деп атақты Сегіз серінің батасында айтылғандай, Әйтеке би аталы тұқымнан. Оның арғы атасы Сейітқұл Жәдікұлы Шығай ханның серігі болған. Шығай хан Бұқардың Абдолла ханымен одақтас болып, Сырдарияның сағасындағы қонысын тастап, Самарқанның теріскейіндегі Нұрата тауына көшкенде, сонымен бірге қарауындағы елін ертіп, қотарыла көшіп келеді. Осы Сейітқұлдың сегіз баласының бірі — Әйтеке бидің әкесі Ақша да, бірі — кейін Самарқанның билеушісі болған, қазақ ханы Салқам Жәңгір 600 жауынгермен жоңғар қоңтайшысы Батырдың 50 мың әскерінің өтінде қалғанда, дер кезде көмекке жетіп, қазақ қолына айтулы жеңісті суырып әперетін атақты Жалаңтөс баһадүр. Жалаңтөс Самарқанға әмір болғаннан кейін ағасы Ақшаны Қоқанның ханы етіп сайлатады.

Әйтеке жеті жасынан атасы Ақша ханның тәрбиесінде болған. Ел басқару ісіне, басқа елдерден келген қонақтарды қабылдау, халық арасындағы даудамай, келісім, бітім істеріне қатыстырып отырған.

Екінші жағынан ауыл молдаларына оқытқан. Он жасынан атасы оны Жалаңтөс батырдың балаларымен бірге бұхарадағы медресеге оқуға береді, Ол оқуды үздік тәмәмдайды. Араб, парсы, тілдерін уйреніп шығады. «Әйтеке жиырма бес жасында Төртқара еліне би болады. Ал отыз жасында 29 рудан құралған бүкіл Кіші жүздің, яғни, алты ата Әлімнің 4 ата Кетеннің, 12 ата Байұлының, 7 ата Жетірудың төбе биі болып сайланады», содан бұл дүниеден өткенше ел билігінде жүреді.

Бір жағынан Қытай, бір жағынан жоңғар, енді бір жағынан қазақ-орыс жерін торлап, шекараға әскерлерін шоғырландырған қиын күндерде Әйтеке би Төле бимен, Қазыбек бимен біріге отырып, елді, жерді қорғауға белсене араласады. Мәртөбе мен Күлтөбеде күнде жиын кезінде алты алашты аузына қаратқан сол үшеудің біреуі — орақ ауыз, от тілді Әйтеке би ел басына терістік шығыстан қара бұлт үйіріліп келе жатқан қарсаңда бір мақсатта тізе ажыратпай талай жыл бірге күрескен серіктерін тастап, дертті болып, ата жұртына — Нұрата тауына оралады. Ол дерт Алланың жіберген ауруы емес, «Тура би туғанына жақпайды» деп, ел тағдырына қатысты мәселеде бет пен беделге қарамай турасын тіліп айтқан бидің сөзін кек тұтқан сұлтандардың қастығы еді.

Ата жұртқа келер алдында Төле би, Қазыбек би секілді үзеңгілес серіктеріне сәлем ретінде жолдаған ұзақ толғанысында Әйтеке би: «Елінен айырылған ер бақытсыз, жерінен айырылған ел бақытсыз. Құдайым ондай күнді маған көрсетпегей!» деген екен. Елім деген ердің тілегі ақ қой қашанда. Көкірегі даңғыл дана би өзі тілегеніндей елінің «ақтабан шұбырындыға» ұшырағанын көрмей, бұ жарық дүниемен хош айтысты.

Ел арасында Әйтекенің ең алғаш рет билік, тапқырлығымен көзге түсуін жұрт былай аңыздайды:

Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:

-Ассалаумағалейкум, ағалар!- деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.

Жолаушының жасы үлкені.

-Cәламат бол балам, мынау қай ауыл?

-Төртқара, Cейтқұл аулы.

-Өзің кімнің баласысың?

-Бәйбектің баласымын.

-Атың кім?

-Әйтеке.

-Қосуақ бидің аулы қайсы?

-Анау қырдың астында, онда не шаруаларыңыз бар еді?-деп, сұрайды бала.

-Даулы болып келеміз,-дейді әлгі қарт жолаушы. - Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз.

Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып:

-Балаңызды ат босағада тепсе - бүтін құн, жабықта тепсе-жарты құн, түзде тепсе- төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын-дейді.

Үш жолаушы қырдан асып, қосуақ бидің уйіне барады. Биге өздерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген Әйтеке баланың кесімін айтып, балаңызды ат түзде тепсе-төрттің бірін алыңыздар-деп, әлгі құн даулап барғандарды риза етіпті.

Сонда өлген баланың әкесі:

-Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүрген Әйтеке деген бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар-деген екен.

Билер тарихында қазақтың Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билердің орны ерекше. Бұл үшеуін өз дәуірінде елін, жерін шапқыншы жаудан қорғап қалуда, елдің, халықтың бірлігін ынтымағын сақтауда зор еңбек сіңірген хандарға, патшаларға ақыл кеңес берген билердің биі, ұлыстың ұлы биі, бас би, ата би, баба би, көсем би деп қадыр тұтамыз.

Қазақ халқының бұл үш биі ел басынан күн туғанда, қиыншылық кезінде билер кеңесі кезінде де, ел жиналған айт, ас той тұсынд да, жер дауы, жесір дауы, күн дауы, көтерілген жерде де, бірге бас қосып, ел тағдырын бірге шешісіп келген. Кейде ек би шешімге келе алмай, қалғанда үшіншісі ортадан билік айтып дауды тындырып отырған.

Ертеде ұлы жүздің бір жігітіне атастырып құда түсіп қойған орта жүздің бір қызы арғынның жігітімен қашып кетеді. Екі ел арасында жесір дауы басталады. Бірінің бірі жылқысын барымталап кетеді. Төбелес, жанжал шығады. Екі жақтың кісілері Төле би Қазыбекке жүгініседі. Қазыбек:

-Аға болып алдымен туасың

Барымталап жылқымды қуасың-

Десе, төле би оған:

Артымнан ерген еркемсің

Ағаңның көзі тірісінде

Жеңгеңді неге ертесің?-

деп өкпе артады. Екеуі ұзақ сөз жарастырады, бір мәмілеге келе қоймайды. Сонда ортадан әйтеке би тұрып:

-Сабыр етіңдер ағайын! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.

-Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң арқырар

Ақыл деген дария,

Алдын тоссаң тоқырар

Кісі бірге туыспау керек,

Туысқан соң сөз қуыспау керек

Сөз қуған бәлеге жолығады

Жол қуған олжаға жолығады.

Төле сен, жылқысын қайыр

Қазыбек, сен жесірін қайыр!

Деп, екеуін келістіріп қол алыстырыпты. Ел Әйтекенің бұл билігіне риза болып екі жағы бітімге келіп, тынышталыпты.

Раздел: Презентации по английскому и другим иностранным языкам для 8 класса
Скачивая материал, я соглашаюсь с условиями публичной оферты.
  Скачать презентацию
Автор:
учитель казахского языка и литературы в ОСШ №87 г.Караганда Карагандинская область, Республика Казахстан
Размер файлов: 364.53 kB
Дата публикации: 03.05.2015
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Каниева Г. У. Байбекұлы Әйтеке би (Айтық) // Международный каталог для учителей, учеников и преподавателей «Презентации» // URL: https://edupres.ru/prezentatsii-po-inostrannomu-yazyku/8-klass/file/9201-bajbek-ly-jteke-bi-ajty (дата обращения: 03.12.2024)
  Скачать сертификат о публикации— как получить такой сертификат