презентация Құмар баба мен оның ұлы Баба Түкті Шашты Әзіз
Құмар баба мен оның ұлы Баба Түкті Шашты Әзіз
...Аланның мақамы ғажап мақам дүр,
Ол мақамды білуге басшы керек.
Тарихаттың басына жақсы керек,
Осы жолда серттен таймас серке керек.
Ондай көсем жұмақта сайран қылар.
(Құл Қожа Ахмет «Хикметтер», 59-хикмет).
Табиғаттың аумалы-төкпелі адуын мінезі секілді кейде адамзат жан дүниесінде де ауық-ауық буырқанған кезеңдер болып өтеді. Дауыл дүрліктірген теңіз бетіндей тау-тау толқын жылдар сананы сапырып, кейде құрдымға бастап, кейде оқыстан әлде бір бейтаныс жағалауға шығарып тастайды. Мұндайда сергек рух қана шағаладай шарқ үрып, тыным таппайды. Олар қонар тұғырын іздейді. Рухы бастаған бүкіл халық шиыршық атып талпынысқа түседі. Ол болашақтың қамы, ол — бүгінгі ізденіс, ол — жан дүниесінің талпынысы. Адам жаны талпынбай, тыныш өмір сүруге жазбаған. Ол шындық жолы! Мынау ғаламдағы орны! Көңіл орнықпай байыз табу мүмкін емес. Өйтпейінше хайуанша күн кешпек. Бұлғақ аңсаған рух бұған көнбек емес. Бұл аласапырандағы Адам-Тәңірі — Құдай — Рух — жан — дүние, мына өмір мен ана дүние, беймәлім үрейлі де тылсым, әлі күнге дейін ешкім оралмаған бақи әлем. Осы дауылды теңізде алдан жылтырап көрінер бағдаршам болғаны игі! Сол бағдарыңнан, сол үстап қалған сәулеңнен айырылмасаң жан тыныштығы жайланар жағалау, шарқ ұрған әлгі шағала-рухтың тұрақтап қонар тұғыры да көріне бастауы кәміл.
- Интересные места в США и Соединенном Королевстве
- Cubism and surrealism. Describing pictures
- Лохнесский монстр: история, реальность и мифы
- Идиоматические выражения в английском языке
- Polyglot
- SHERLOCK HOLMS
- Exmoor national park
- Literary genres.The pronoun ONE
- English writers and their works
- The USA-geography, physical features
Выходные данные (библиографическая ссылка):
Каниева Г. У. Құмар баба мен оның ұлы Баба Түкті Шашты Әзіз // Международный каталог для учителей, учеников и преподавателей «Презентации» // URL: https://edupres.ru/prezentatsii-po-inostrannomu-yazyku/9-klass/file/9199-mar-baba-men-ony-ly-baba-t-kti-shashty-ziz (дата обращения: 24.12.2025)