Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

презентация Лагер аруы-2015

Сабақтың тақырыбы:Лагерь аруы
Жүргізуші:Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар бүгінгі «Айгөлек» жазғы тынығу лагерінде болғалы отырған «Лагерь аруы» конкурсына қош келіпсіздер.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің өнерлері кәдік шықты.
Өнер мен тапқырлықтың жарысыңдар,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
Анықтау үшін алдымен әділ бағасын беретін әділ-қазылармен таныссақ. . . .

Енді лагерь аруларымен таныстырайық.
1. Түгелбай Сая 2-сынып оқушысы
2. Ізбасарова Анеля 2- сынып оқушысы
3.Байқазақ Жанерке 2 сынып оқушысы
4. Талғатова Ақерке 2 сынып оқушысы
5 .Базарханова Ақмерей 2-сынып оқушысы

1 Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз - дей келе бірінші кезекті «Таныстыруға» береміз.

2. Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашанда нанымды.
Бұл шындықты күнделікті
Көріп жүрміз өмірден.
Сан мыңдаған жастар өсті
Өнер алды дарынды.
Сол өнердің жолын қуған
Лагерьдің мына атынан
Қабылдаңыз шын жүректен
Сәлем сізге жалынды!- деп келесі бөліміміз «Өз өнерін көрсету»

3. Өнерге жастайынан жақын туған
Қазақтың дарынының жолын қуған
Өз өнерін көрсетер қыздарымыз
Өзгеге ісі өнеге, үлгі боп тұрған - деп келесі бөліміміз «Қолөнер» өнері, яғни қыздарымыздың үйден жасап келген бұйымдары.

4. Он саусақтан өнер тамған апалар
Зағипа,Бақыт сынды аналар.
Әсем етіп тігін тіккен апалар
Үйреніңдер, осы өнерді балалар,- деп келесі кезекті «Түйме қадау» өнеріне береміз.

5. Сән мен сымбат екеуі үйлескенде,
Көкірегің керімсал күй кешкенде
Дүниені төңкерер сұлулықты,
Табылмайды көз тігіп, сүймес пенде!- деп келесі бөліміміз «Жаздық сәндік киім»

6. «Мақалдың жалғасын тап» қыздарға байланысты берілген мақалдардың жалғасын табу
1. Әдепті жігіт -(қылықты қыз)
2. Ата көрген оқ жонар,
(Ана көрген тон пішер)

3. Қыздың құны (қырық жеті)
4. Ауру - астан,
(Дау – қарындастан. )
5. Байғазыға (байдың қызы)
6. Қыз -(қонақ)
7. Қыздың қабағында (құт бар)
8. Қызға берген(көрінбес)
9. Қыз ұшқан (қу)
10. Қыздың көзі(қызылда)
11. Қыз ат (байлатар)
12. Қыз өссе, елдің көркі
(Гүл өссе, жердің көркі)
13. Қызы бардың(назы бар)
14. Қыз - өріс,(ұл - қоныс)
15. Қызды кім айттырмайды,
Қымызды кім ішпейді.
16. Ақылды қыз білімге жүгінер,
Ақылсыз қыз сөзге ілінер.
17. Қызым саған айтамын, (келінім сен тыңда)

Бүгінгі «Лагерь аруы» конкурсымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі конкурсымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
Қорытынды

Раздел: Презентации для классных часов во 2 классе
Скачивая материал, я соглашаюсь с условиями публичной оферты.
  Скачать презентацию
Автор:
Шалқар қаласы №3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Размер файлов: 35.03 kB
Дата публикации: 03.10.2015
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Батырова Н. Ш. Лагер аруы-2015 // Международный каталог для учителей, учеников и преподавателей «Презентации» // URL: https://edupres.ru/prezentatsii-dlya-klassnyh-chasov/2-klass/file/11060-lager-aruy-2015 (дата обращения: 22.12.2024)
  Скачать сертификат о публикации— как получить такой сертификат