Сабақтың тақырыбы:Лагерь аруыЖүргізуші:Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар бүгінгі «Айгөлек» жазғы тынығу лагерінде болғалы отырған «Лагерь аруы» конкурсына қош келіпсіздер.
Қазылар орнықтырар әділдікті,Кімдердің өнерлері кәдік шықты.Өнер мен тапқырлықтың жарысыңдар,Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!Анықтау үшін алдымен әділ бағасын беретін әділ-қазылармен таныссақ. . . .
Енді лагерь аруларымен таныстырайық.1. Түгелбай Сая 2-сынып оқушысы2. Ізбасарова Анеля 2- сынып оқушысы3.Байқазақ Жанерке 2 сынып оқушысы4. Талғатова Ақерке 2 сынып оқушысы5 .Базарханова Ақмерей 2-сынып оқушысы
1 Бауырласқан тәніміз,Бұзылмаған антымыз.Кең даланың ежелгіҚазақ дейтін халқымыз.Өзге ұлттай біздің деБар дәстүр мен салтымыз - дей келе бірінші кезекті «Таныстыруға» береміз.
2. Асыл тастан, өнер жастанШығады деп дарынды.Халық айтса, халық сөзіӘрқашанда нанымды.Бұл шындықты күнделіктіКөріп жүрміз өмірден.Сан мыңдаған жастар өстіӨнер алды дарынды.Сол өнердің жолын қуғанЛагерьдің мына атынанҚабылдаңыз шын жүректенСәлем сізге жалынды!- деп келесі бөліміміз «Өз өнерін көрсету»
3. Өнерге жастайынан жақын туғанҚазақтың дарынының жолын қуғанӨз өнерін көрсетер қыздарымызӨзгеге ісі өнеге, үлгі боп тұрған - деп келесі бөліміміз «Қолөнер» өнері, яғни қыздарымыздың үйден жасап келген бұйымдары.
4. Он саусақтан өнер тамған апаларЗағипа,Бақыт сынды аналар.Әсем етіп тігін тіккен апаларҮйреніңдер, осы өнерді балалар,- деп келесі кезекті «Түйме қадау» өнеріне береміз.
5. Сән мен сымбат екеуі үйлескенде,Көкірегің керімсал күй кешкендеДүниені төңкерер сұлулықты,Табылмайды көз тігіп, сүймес пенде!- деп келесі бөліміміз «Жаздық сәндік киім»
6. «Мақалдың жалғасын тап» қыздарға байланысты берілген мақалдардың жалғасын табу1. Әдепті жігіт -(қылықты қыз)2. Ата көрген оқ жонар,(Ана көрген тон пішер)
3. Қыздың құны (қырық жеті)4. Ауру - астан,(Дау – қарындастан. )5. Байғазыға (байдың қызы)6. Қыз -(қонақ)7. Қыздың қабағында (құт бар)8. Қызға берген(көрінбес)9. Қыз ұшқан (қу)10. Қыздың көзі(қызылда)11. Қыз ат (байлатар)12. Қыз өссе, елдің көркі(Гүл өссе, жердің көркі)13. Қызы бардың(назы бар)14. Қыз - өріс,(ұл - қоныс)15. Қызды кім айттырмайды,Қымызды кім ішпейді.16. Ақылды қыз білімге жүгінер,Ақылсыз қыз сөзге ілінер.17. Қызым саған айтамын, (келінім сен тыңда)
Бүгінгі «Лагерь аруы» конкурсымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі конкурсымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.Қорытынды
Разместить материал
сразу