Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

презентация Ариптестик карым-катынас тренинг

Тақырыбы: Әріптестік қарым-қатынас тренингі
Мақсаты: Жеке тұлғаға өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің
адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімдік қабілетін
дамыту, ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын
Көрнекілігі: Ойшылдардың сөздері жазылған плакаттар, сөздер жазылған карточкалар,
музыка, слайд.

І. Сәлемдесу
Мақсаты: Әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне
жылулық сыйлау.
Топтпғы қатысушыларға әр түрлі шар үлестіріп,сол шарды әр адам үріп өз атын жазады.Содан кейін бір-біріне сол шар арқылы тілек тілеп,бүгінгі күнді жақсы көңіл күйге айналдырады.

ІІ. «Бұл мен...»
Мақсаты: қатысушылардың өздері туралы айтуына, жақынырақ танысуға көмектесу.
Әрбір қатысушы 5мин ішінде өзін мінездейтін 5сөз жазып, теңеу ойлап тауып, оны қағазға жазып, оны кеудесіне тағып қояды. Біршама уақыт бойы қатысушылар әрі-бері сапырылысып, бір-бірінің мінездемесін оқуға кіріседі. Барлық жазулар оқылған соң, барлығы дөңгелене отырады. Сосын пікірталас басталады: әрбіреуіндегі нендей нәрсе ерекше есте қалды, таңқалдырған нәрсе бар ма?, күлкілі нәрсе ше? т.б

ІІІ. «Өзіңді тереңірек тани біл»
Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жеміс-жидектер көрсетіледі. Сол жеміс-жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай, соған тоқталайық.
Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.
Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.
Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз жоқ емес.
Шабдаланы ұнататын адамдар көпшіл, кез-келген адаммен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз-қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.
Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.
Егер сіз шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуанышпен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік-өсек сөзге жоқсыз, есесіне анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады.
Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады.

ІҮ. Сергіту сәті Таңертең көбелек оянды, тартылды,
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,
Азғана айналып, барлығына күліп,
Қайта гүліне оралды.

Ү. «Балалық шақтан қызықты оқиға»
Мақсаты: эмпатияны дамыту.
Жүрісі: Қорапшаға билеттер салынады. Ол билеттердің арасында «балалық шақтан қызықты оқиға» деп жазылған. Кімге «балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол мұғалім өзінің балалық шақта бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.
Өздеріңізді қалай сезінудесіз?

ҮІ. Қорытынды

Сабақ соңында қатысушыларға өзіне және өзге адамға тілек жазу тапсырмасы беріледі. Тілектерді жаттанды сөздер арқылы, теңеу арқылы және әдеби көркем сөздер арқылы жазуға болады. Сабақты «Тілек» тренингімен аяқтау және қатысушылардың пікірін тыңдау.

Раздел: Презентации по ИЗО, 2 класс
Скачивая материал, я соглашаюсь с условиями публичной оферты.
  Скачать презентацию
Автор:
Размер файлов: 3.37 MB
Дата публикации: 27.02.2015
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Акшабаева М. К. Ариптестик карым-катынас тренинг // Международный каталог для учителей, учеников и преподавателей «Презентации» // URL: https://edupres.ru/prezentatsii-po-izo/2-klass/file/6520-ariptestik-karym-katynas-trening (дата обращения: 21.11.2024)
  Скачать сертификат о публикации— как получить такой сертификат