Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

презентация Кумырсканын канагаты

Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ақшабаева Мерекенің білім сатысының кезеңінде
3- сынып ана тілі пәніне арналған қысқа мерзімді жоспары
4 апта 2-күн 2-сабақ
Сабақтың атауы Ана тілі 3 – сынып.
Құмырсқаның қанағаты
Сілтеме Оқулық , Бейнеүзік «Құмырсқа» Слайд
Жалпы мақсаттар Диалогтық оқытуды қолдану арқылы негізгі идеяны түсіну, сыни ойлау арқылы тұжырым жасауға үйрету,бейнеүзік арқылы қосымша ақпараттар бере отырып, дүниетанымын арттыру, проблеманы шешу қабілеттерін жетілдіру, жас ерекшеліктеріне қарай сөйлеу дағдыларын зерделеу, тапсырмалар арқылы формативті және жиынтық бағалау
Оқыту нәтиежесі Топ ережесіне сүйене отырып топпен жұмыс жасауға төселеді.
Ойлау қабілеттері артады.
Әрекетті сыни бағалауды үйренеді.
Өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыруға үйренеді.
Кері байланысқа үйренеді.
Эмоциялық әрекет арқылы өзін- өзі реттейді .
Негізгі идеялар Құмырсқа туралы мәлмет беру,талпынысы мен табандылығын үлгі ету
Тапсырмалар 1-тапсырма.Сөзжұмбақ
Модуль:сыни тұрғыдан ойлау.
Талантты және дарынды балаларды оқыту. 2-тапсырма.Оқулықпен жұмыс.
Рөлге бөліп оқу.
Модуль:сыни тұрғыдан ойлау

3-тапсырма. «Сен білесің бе?»
І-топ - қиял-ғажайып ертегісі
ІІ- топ - Құмырсқаның қанағаты
ІІІ- топ – Адам бойындағы жақсы қасиет
ІV-топ- Ғұлама адам, құмырсқа

Модуль:сыни тұрғыдан ойлау;
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
4-тапсырма .
Жиксо әдісі бойынша «құмырсқа» құрастыру
(постермен қорғау).
Модульдер:сыни тұрғыдан ойлау; Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

Кейінгі тапсырмалар Қорытындылау. Бағалау бетшесін , кері байланыс қағаздарын толтыру,өз ойларын айту.

Үй тапсырмасы Ертегіні өз сөздерімен мазмұнын айтуға дайындалып келу
Құмырсқа туралы мәлмет жинау

С А Б А Қ Б А Р Ы С Ы
Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әректі

І. Ұйымдастыру бөлімі:
Ақ,қара,қызыл,жасыл түстерді пайдаланып 4 топқа бөлемін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1- тапсырма .
«Құмырсқа » тақырыбы бойынша сөзжұмбақ шешу,
«Еске түсіру» бекеті
Халық ауыз әдебиеті деген не?
Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады?

ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Ой қозғау
Сұрақ- жауап.

• Балалар құмырсқаны көргеніміз бар ма?
• Ол қандай жәндік?
• Құмырсқадан нені үйренуге болады?
• Қанағат сөзін қалай түсінесің?

2. Мағынаны ашу.
« Құмырсқа»туралы бейнеүзігінің көрсетілімі. Қосымша мәліметтер.
Модуль:сыни тұрғыдан ойлау.Акт-ны пайдалану

2- тапсырма. Оқулықпен жұмыс.Рөлге бөліп оқу. (Автор.данышпан. құмырсқа)

3.Дәптермен жұмыс: Сөздік жұмысы
Оқымысты-ғұлама, білімді, данышпан, көзі ашық.
Қанағат-барға риза болу, місе тұту.

IV.Пысықтау.
3-тапсырма. «Сен білесің бе?»
І-топ - қиял-ғажайып ертегісі
ІІ- топ - Құмырсқаның қанағаты

ІІІ- топ – Адам бойындағы жақсы қасиет

ІV-топ- Ғұлама адам, құмырсқа

V.Сергіту сәті :
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа -
Допты алып қолыма,
Қойдым оның жолына
Оң жағына қарады ,
Сол жағына қарады,,
Тау екен деп ойлады.

VІ. Шығармашылық жұмыс:(Жиксо әдісі бойынша)
4- тапсырма. «Құмырсқа » құрастыру,постермен қорғау.

VІІ. Үй тапсырмасы:
Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу
Құмырсқа туралы эссе жазу

VІІ. Бағалау. Топбасшының топ мүшелерін бағалауы
Кері байланыс:
Не білдім? Мен үшін жаңа ақпарат Мені таң қалдырды

Оқушылар топқа бөлінеді, өз топбасшыларын сайлайды.

Сұрақтарға жауап беріп, ойларын ортаға салады.

Мәтін мазмұнын рөлге бөліп оқиды.

Тақырып бойынша әр топ пікірлерін айтады.

Сергіту

Постер жасап, оны қорғайды.

Топбасшы топ мүшелерін бағалайды

Жеке тапсырма.
Сабақ туралы өз ойларын айтады.

Раздел: Материалы на образовательную тематику
Скачивая материал, я соглашаюсь с условиями публичной оферты.
  Скачать презентацию
Автор:
сш.Устурт. Учитель начальных классов
Размер файлов: 551.15 kB
Дата публикации: 25.02.2015
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Акшабаева М. К. Кумырсканын канагаты // Международный каталог для учителей, учеников и преподавателей «Презентации» // URL: https://edupres.ru/other/varia/file/6413-kumyrskanyn-kanagaty (дата обращения: 24.11.2024)
  Скачать сертификат о публикации— как получить такой сертификат