Бұл мақалада жаһандану жағдайындағы көпмәдениетті қоғамның мәні мен ондағы аударманың стратегиялық рөлі талданады. Автор мәдени әртүрлілік пен тілдік кедергілерді еңсерудің басты тетігі ретінде аударманың коммуникациялық, мәдениаралық және әлеуметтік функцияларын айқындайды. Көпмәдениетті ортада аударманың мемлекеттік қызметтерге, білім мен ғылымға, құқықтық және медициналық салаларға қолжетімділікті арттырудағы маңызы көрсетілген. Сонымен қатар, мәдени реалийлерді, идиомаларды аудару сияқты кәсіби қиындықтар атап өтіліп, аудармашының лингвистикалық, мәдени және этикалық құзыреттері сипатталады. Мақалада аударманың қоғамдағы тұрақтылықты, өзара түсіністікті және интеграцияны қамтамасыз ететін негізгі әлеуметтік институт екендігі қорытындыланады.
Разместить материал
сразу