Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

презентация Монгол - татар шапқыншылығы қарсаңындағы Орыс жері

XII ғасырдың 30-жылдарынан XV ғасырдың аяғына дейінгі аралықта Орыс мемлекеті жаңа тарихи кезенді бастан өткізді. Бұл кезең тарихта феодалдық бытыраңқылық деп аталады. Бұл процесті Еуропа мен Азиядағы мемлекеттердің бәрі де бастарынан өткізді. Сондықтан феодалдық бытыраңқылыңты тарихшылар феодалдық қоғамдағы заңды құбылыс деп бағалады. Феодалдық қоғамның дамуы барысында кез келген мемлекеттер саяси бақталастық пен қырқысудың нәтижесінде әлсіреп, бірнеше саяси бөліктерге бөлініп, жеке кінәздіктерге айналып отырды. Бірақта саяси ыдырау сол жеке кінәздіктерде феодалдық қоғамның экономикалық өрлеуіне кедергі жасамады. Жеке кінәздіктерде өндіріс күші дамып, феодалдық қоғамда күшті орталыққа айналды. Әрбір жеке субъектінің, табиғи шаруашылыктың дамуына жол ашылды. Бірақта әр шаруашылықтың табиғи дамуы оларды бір-бірінен оқшауланып, өз алдына жеке өмір сүруге бейімдеді. Ортак рыноктың болмауы, карапайым айырбас жеке кінәздіктер арасындағы байланыстың үзілуіне әкеліп соқтырды. Ал саяси басшылық жағынан жекелеген кінәздіктер мен боярлықтар күшейіп, бір-біріне бағынбайтын болды. Жеке кінәздіктерде жер иелерінің одағы күшейді. Әрбір иеліктер өз шекарасын қорғау мақсатында күшті әскер құрып, кейін осы күшпен көршілерін бағындыруға әрекет жасады. Осындай процестер Еуропадағы ірі Ұлы Карл империясының құлауына, оның орнына қазірге дейін өмір сүріп отырған жеке мемлекеттердің құрылуына әкелді. Табиғи шаруашылықтың үстемдік жасауы, феодалдық Киев Русі мемлекетінде ішкі байланыстың әлсіреуі орыс жерінің бірнеше кінәздіктерге бөлінуіне жеткізгені белгілі. Сөйтіп XII ғасырдың 30-жылдарынан бастап ежелгі Киев Русі мемлекеті Киев, Владимир-Суздаль, Чернигов-Смоленск т. б. кінәздіктерге бөлініп кетті. Енді осы кінәздіктердің ішіндегі ең ірілері - Владимир-Суздаль, Галич-Волынь және Новгород кінәздіктерінің

Раздел: Презентации по истории, 7 класс
Скачивая материал, я соглашаюсь с условиями публичной оферты.
  Скачать презентацию
Автор:
Размер файлов: 2.16 MB
Дата публикации: 29.03.2016
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Дюсенов К. А. Монгол - татар шапқыншылығы қарсаңындағы Орыс жері // Международный каталог для учителей, учеников и преподавателей «Презентации» // URL: https://edupres.ru/prezentatsii-po-istorii/7-klass/file/14697-mongol-tatar-shap-ynshyly-y-arsa-ynda-y-orys-zheri (дата обращения: 22.12.2024)
  Скачать сертификат о публикации— как получить такой сертификат