Публикации: Жумабекова Куаныш Багитжановна

Об авторе: «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Н. Островский атындағы Аманқарағай орта мектебі» ММ
  1. Суда жүзу ережелері. Ауыспалы келер шақ
    Дата публикации: 25.02.2016 | Описание

    Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі болып азаматтардың судағы қаупсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен болып табылады.
    Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыңыздар және есте сақтаңыздар:
    • тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
    • жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;
    • шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;
    • жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
    • жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;
    • жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;
    • қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;
    • суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;
    • түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар;

  2. Шуақ шашқаш маған күн
    Дата публикации: 21.02.2016 | Описание

    Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. Сондықтан да балабақша өміріндегі ата - аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата - ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында бұл жобаның маңызы зор