Публикации: Турсыналиева Алмагул Байназаровна

Об авторе: учительница казахского языка и литература
  1. Сөйлем түрлері
    Дата публикации: 09.03.2016 | Описание

    Салауатты өмір салты - ұлттың басты байлығы.

    «Дені сау азаматтар –

    мемлекеттің ең бағалы капиталы»

    В.Комат

    « Тазалықтың негізі бұл – денсаулық ,

    Таза тәннің  кепілі бұл – денсаулық , - деп өлең жолдарын құрастыра , осы тақырыпқа қалам сермеуіме негіз болған , осы атышулы сайыс еді.Маған ұстазым сенім білдіріп , тақырыптарды көрсеткенде , көп ойланбастан аталмыш тақырыпты таңдадым.Неге екенін мейлінше түсіндіріп жазып көрейін : мүмкін айналамдағы араласатын адамдарым , яғни , ағайын-туыс , достарымның өмір сүру салты мені толғандырады десем бе екен?...

    Шынында да ой жіберіп , жан – жағымды бағамдай бақылар болсам , ала таңның атысы , қара кештің батысы –үлкендерге бір тыным жоқ-ау , тыным жоқ тіпті!Тырбаңдап жанталасып , ақша дейді , дүние дейді , балам дейді , солай қара баланың болашағын армандап қамын жейді.

    Тамағы тоқтық ,

    Көйлегі көктік ,

    Аздырар адам баласын , - демеуші ме еді ұлы данамыз?!Мынадай аста – төк заманда менің кейбір замандастарымның , апа – ағаларымның ғасыр дертіне айналған – темекі , арақ , есірткі сияқты адам баласына тек зиянын келтіретін  әззәзіл заттарға үйірлігі , мені қатты ойландырады.Неге соншама үйір?... Тарих қойнауларына үңілер болсам , қаймана қазақ бабаларымыз темекі – есірткіге елтігендерді көрмек түгілі , ондайлардың мына тірлікте бар екендігінен мүлдем бейхабар болғанға ұқсайды.Ал қазір ше?...Неге белең алып , қанатын кеңге жайып көбейіп барады?Неге?... Осы «негелер?»менің жас көңіліме маза бермейді.Міне , осындай себептермен тақырыпты таңдаған болуым керек.

    Ия , рас , ересектер айтқандай , «ауызды қу шөппен сүртіп отырмыз» деуге болмас.Елімізде , қаламызда түрлі деңгейдегі шаралар өткізіліп жатады. Мектебімізде де үнемі кездесулер , зиянды әдеттер туралы пікірсайыстар , сынып сағатттары өткізіліп тұрады.Мектеп оқушыларының бос уақытын текке өткізбей , әр түрлі үйірмелерге қатысуы жиіледі . «Бес саусақ бірдей емес , мен танитын құрдастарымның арасында да , өкінішке орай , сабақтан босаса болды , түрлі компьютерлік ойындар үйінен