Публикации: Каскарбаева Динара Кажмураткызы

Об авторе: учитель физики Ауезовской средней школы, Уалихановского района, Северо-Казахстанской области
  1. Физика пәнінен «Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы» тақырыбы
    Дата публикации: 30.09.2015 | Описание

    Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.

    Кедергі Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.

    Электр кедергісі ұғымын қалыптастыру. Өз жетістіктерін сезініп, сын көзбен қарауға үйрету.

    Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қасиеттерін шығармашылық қабілетін күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, пайдалана білуге баулу. Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту.

    Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Жұмбақ шешуді сабақтың кейбір тұстарында пайдаланып, оқушыларды пайымдауға, ойлануға тәрбиелеу.

  2. Әдебиет пәнінен Ж.Аймауытов «Әнші» тақырыбының жоспары
    Дата публикации: 30.09.2015 | Описание

    Сабақ тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов «Әнші».

    Сабақтың мақсаты:

    а) білімділігі: Жүсіпбек Аймауытовтың өмірбаянын, шығармаларын оқыта отырып, қайталанбас суреткер екенін таныту. ә) дамытушылығы: логикалық ойларын, тіл мәдениетін дамыту;

    б) тәрбиелігі: өнерді сүю, өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру.

    Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

    Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.

    Пәнаралық байланыс: тарих, музыка.

    Көрнекілігі: портрет, слайд.

    Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастыру 1) Сәлемдесу, 2) оқушыларды түгелдеу, кезекшімен сұхбат.

    ІІ. Үй тапсырмасы Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арнап хат жазу.