Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

материал Денсаулық

Для интерактивной доски

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына Жолдауында «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеументін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты.
ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз − белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» деп атап айтқан.

Тақырыбы: «Денсаулық білім беру саласының базалық мазмұны»
«Денсаулық» білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға, сауықтыру-гигиеналық процедуралар өткізуге эмоциональды-жағымды қатынасқа, қозғалыстарды жетілдіруге, физикалық және мықтылық қасиеттерін дамытуға, балалардың дербестігіне бағытталған педагогикалық жұмыстардың шарттары мен мазмұны, міндеттері белгіленген.
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады:
1) дене шынықтыру;
2) тәртіп қауіпсіздік негіздері, валеология.

Мақсаты: Дене шынықтыру жаттығуларын меңгеруге, саналы қатынасын, салауатты өмір салты әдеттерін қалыптастыру. - Балалардың салауатты өмірін ұйымдастыру мен тәрбиелеу арқылы - өздігінен қозғалуын әрекеттеу, мәдени-гигиеналық дағдылар, салауатты өмір салты мен сауықтыру-шынықтыру шараларын ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асыру.

Міндеті: Денсаулық білім беру саласының негізгі міндеті .
Балалардың денсаулығын қалыптастыруға және нығайтуға қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.

Өзектілігі: «Денсаулық» білім беру саласы –оқыту мен дамытудың барлық кезеңдерінде баланың денсаулығын сақтауға бағыттау.
Білім беру ортасының барлық факторлардың өзара қарым-қатынас және өзара іс-қимыл, оның ішінде іс-шаралар жүйесін ұйымдастыру.
Салауатты өмір салтын және балалардың денсаулығын нығайту ғана емес оны қамтамасыз ету.

Мектепке дейінгі кезде балалардың денсаулық іргесі қаланатын кез.
Балалардың қарқынды өсіп,жетіліп, дамитын кез болып табылады.
Негізгі бастапқы қозғалыстар қалыптасады,дұрыс отырып тұру,денесін тік ұстау сонымен қатар басқа да қажетті дағдылар , әдеттер мен физикалық қасиеттер қалыптасады.
Сондықтан мектепке дейінгі кезде балалардың салауатты өмір салтын ұстану және денсаулығын сақтау басты мәселе болып табылады.
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұнын ұстана отырып қысқа мерзімді жоба құрдым.

Жоба жеті кезеңнен тұрады.
1-кезең- Сұхпат «Денсаулық деген не?»
2-кезең-Серуен « Дәрігер Айболитпен кездесу»
3- кезең-Жеке бас тазалығы Дид/ойын «Не артық?»
4 - кезең- Сюжетті рөлдік ойын «Дәрумендер дүкені»
5 - кезең-Қимылды ойындар «Микроптардан қашамыз»
6 -кезең- Гимнастикалық , дене шынықтыру жаттығулары «Спортокоспен жаттығамыз»
7- кезең- Сауықтару шаралар «Пияз біздің досымыз»

1-кезең : Балалармен сұхпат жүргізу ,әр баладан сұрақ жауап арқылы денсаулық деген не екені туралы ойларын анықтау.
Сонымен қатар түсініктерін кеңейту.

2-кезең: Серуеннің мақсаты – бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын - алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру.
Серуенде балалар Дәрігер Айболитпен кездемседі. Дәрігер Айболит балаларға пайдалы кеңестерді айтып сұрақ жауап алады.
3-кезең: Баланың жеке бас тазалығы Дид/ ойын «Не артық?»
Мақсаты: Балалар жеке гигиеналық заттарды танып білуі.
Тазалыққа бейімделіп, жеке гигиенаны бұзбауға тәрбиелеу.

4.-кезең: Сюжетті рөлдік ойын «Дәрумендер дүкені»
Мақсаты: Балалардың көкөністермен жемістер жайлы түсініктерін кенейту.
Қөкөністер мен жемістердің дәрумен құрылымымен таныстыру.
Жеміс пен көкөністерді жуып жеуге үйрету.

5-кезең: Қимылды ойын «Микроптардан қашамыз»
Мақсаты. Микроп туралы түсінік беру.
Балалардың аяқ-қол бұлшық еттерін дамыту.
Тазалыққа тәрбиелеу.

6-кезең-Гимнастикалық және дене шынықтыру жаттығулары
«Спортокоспен жаттығайық»
Мақсаты: Балалардың жаттығуларға деген қызығушылығын арттыру.
Дене бұлшық еттерін дамыту.
Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

7-Кезең: Балалар Мойдодырмен кездесіп денсалық мықты болу үшін қандай шаралар жасау керек екенін,қандай ұстамдар ұстану керек екенін айтып,пікір алмасады. Соңыда “Кір қожалақ “ туралы мульттоптама көреді.

МД кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезең екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелерімен дене мүшелерінің және жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса түсен кезі. Ал жекелеген жүйелер, мүшелер - жүрек, тамыр, жүйке психологиялық тыныс алу, имуналдық жүйелері толыққанды жетілмесе, онда бала ағзасының қорғаныс күші және ауруға қарсылықты көрсете алуы әліде жеткіліксіз болып келеді. Және де ауруға бала аз қимыл-әрекеттерінгендіктен жиі ұшырайды.
Сондықтан да МДМ-де осы денсаулық сақтау іс-шаралары міндетті түрде кешенді және жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады.

Раздел: Презентации для детского сада
Скачивая материал, я соглашаюсь с условиями публичной оферты.
  Скачать материал к занятию
Автор:
МКҚК "Айгөлек" балалар бақшасы
Размер файлов: 9.39 MB
Дата публикации: 04.01.2017
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Тайжахметова А. А. Денсаулық // Международный каталог для учителей, учеников и преподавателей «Презентации» // URL: https://edupres.ru/detsad/prezentacii-dlya-zanyatij/file/18555-densauly (дата обращения: 22.12.2024)
  Скачать сертификат о публикации— как получить такой сертификат