Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

презентация Тепловоз автотежегіш приборларын жөндеу жұмысын зерттеу

Есть конспект урока

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі
«Теміржол мамандықтары» бөлімшесі

Мамандығы: 1108 000 - «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану жөндеу, және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша

Студенттердің зерттеу жұмыстары

Тақырыбы:
«Тепловоз автотежегіш приборларын жөндеу жұмысын зерттеу».

 

 

Дайындаған ТХ-15о тобының студенті: Шыңғысұлы Жандос
Ибадулла Қуаныш
Жұмыс жетекшісі: Абуова Айжан Тұрашқызы

 

Қызылорда 2018 оқу жылы

 

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі

«Теміржол мамандықтары» бөлімшесі

Мамандығы: 1108 000 - «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану жөндеу, және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша

Студенттердің зерттеу жұмыстары

Тақырыбы: Тепловоз автотежегіш приборларын жөндеу, ТҚ-6 көлемінде 3 РД типті қысым релесін жөндеу жұмысын зерттеу

 

Дайындаған ТХ-15о тобының студенті: Шыңғысұлы Жандос
Ибадулла Қуаныш
Жұмыс жетекшісі: Абуова Айжан Тұрашқызы

 

 

Қызылорда 2018 оқу жылы

 

Зерттеу жұмысының мазмұны:

Кіріспе
Тепловоз автотежегіш приборларын жөндеу жұмысын зерттеу.
Зерттеу бөлімі
1. Автотежегіш құралдарын жөндеу бөлімшесінің құрамы және қажеттігі.
2. Автотежегіш құралдарын жөндеу бөлімшесінің көрші бөлімшелермен технологиялық байланысы

3. Бөлімшелердегі өндіріс жабдықтарын көтеру- тасымалдау құралдарын таңдау, оларды бөлімше алаңына орналастыру.

4. Бөлімше алаңына өндіріс құралдарын орналастыру

5. Ауа - компрессорын жөндеу технологиясы.

6. Автотежегіштерді жөндеу бөлімшесінің жұмысы

7. Бөлімшенің жылдық өндірістік бағдарламасы

8. Автотежегіш құралдарын жөндеу бөлімшесінің жұмыс әдісін таңдау және оның параметрлерін есептеу

9. Компрессорды сынауға арналған құрылым
10. Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік
Қорытынды
Пайдаланған оқулықтар

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ
Жүк тасымалдауы мен жолаушы тасымалдаудың көлемінің тұрақты өсуі - пойыз жүрісі жылдамдығы мен пойыз массасын көбейтуді қажет етеді. Темір жолда пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін сақтау көп жағдайда жылжымалы құрамалардың тежеу жабдықтарының жағдайына және олардың қасиеттеріне тікелей байланысты. Жүріп бара жатқан пойыз - өте күрделі, әрі тұрақты өзгеріп отыратын процесстер түріне жатады, осыған қарамастан тежеу жабдықтары бірқалыпты жұмыс істеуі керек.
Жылжымалы құрамалардың автоматты тежегіштері - оларды пайдалану үстінде күрделі жағдайларға қарамастан пойыз жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет, сонымен бірге жұмысты өте сенімді және бұзылмайтын болуы керек. Осыған жұмысы өте сенімді әрі бұзылмай ұзақ жұмыс істейтін тежегіштер, оның үстіне жақсы басқарылатын болса, жолаушылар пойызының жылдамдығын 200 км/сағ көтеруге мүмкіншілік береді, ал бұл темір жол көлігінің тасымалдау және пойыз өткізу мүмкіншілігін көтеруге ықпал жасайды. Бірақ жылжымалы құрамаларды сапалы пайдалану, олардың тежеу жабдықтарына уақытылы сапалы жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсеткенде ғана мүмкін.
Темір жол көлігінде қолданылатын тежегіштердің негізгі типі - пневматикалық автоматты тежегіш. Бұл тежегіште пойыздағы вагондардың тежегіштерін басқару үшін белгі - пневматикалық магистраль арқылы, ондағы ауа қысымын көтеру немесе түсіру арқылы беріледі. Әр вагондағы пневматикалық құрылымдар бұл белгілерді қабылдап алып, қысым көтерілген жағдайда запас резервуарларды сығылған ауамен толтырып, тежеу цилиндрлерін атмосфераға қосады, ал ауа қысымы төмендегенде запас резервуарды тежеу цилиндрімен қосады. Тежеу күші колодканы дөңгелек қосағының дөңгелейтін бетіне қызу арқылы шығарылады. Тежегіштің автоматты деп аталуы - тежегіш пойыз үзілсе, жолаушылар пойызында қауіпті-авариялық жағдайда вагондардың қайсысынан болмасын стоп-кранды ашқанда тежегіш өздігінен іске қосылады. Тежегіштердің жүріп бара жатқан пойызда сәтті жұмыс істеуі, көп жағдайда оған көрсетілген техникалық қызмет және кезекті жөндеу жұмыстарының сапасына байланысты.
Тепловоз автотежегіштер жабдықтарына техникалық қызмет және кезекті жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған бөлімше жұмысы ұйымдастырылған, жөндеу процесінде озық технология қолданылып, жұмыс орындарын ғылыми негізде ұйымдастыру процестері қаралған. Теміржол көлігі сауда айналымы сферасына өндіріс түрі болып қатыса отырып, қоғамдық өндірістің өсуіне өз ықпалын тигізеді. Сол себептен теміржол көлігі жүк тасымалдау және пойыз өткізу тәсіліне қабілетіне көп резервін сақтай отырып, бүкіл халық шаруашылық салалармен қатар, шаруашылық басқарудың жаңа өндірістеріне көшіп отырып немесе теміржол салаларында барлық өндіріс орындары нарықтық система жағдайында жұмыс істеу әдістерін игереді.
Теміржол көлігі көп шаруашылық. Олардың ішінде локомотив шаруашылығы ең үлкен және алдыңғы қатарлы шаруашылық, бұл шаруашылыққа теміржол көлігінің негізгі өндірістік қорының басым көпшілігі орналастырылған және бұл шаруашылыққа теміржолды пайдалану шығындарының шамамен үштен бірі орнатылған. Материалдық өндірістің басқа салалармен салыстырғанда, көлік жаңа өнім шығармайды, олардың санын да көбейтпейді, тек өндіріс өнімдерін өндіруші деп оны тұтынушыға жеткізіп береді. Соңында өнімнің құны оны тасымалдауға кеткен шығынның есібінен көбейтеді. Халық шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда көліктің өнімін сақтауға келмейді, сонымен қатар оның өнімін шығару және жұмсау бірігіп кеткен. Көліктің локомотив шаруашылығының басты міндеті жүк және жолаушылар тасымалдаудың тұрақты сұрамысы, уақытылы және сапалы жылжымалы құрамалармен қамтамасыздандыру және жүріс қауіпсіздігін, пойыздар жүріс графигін мұқият орындап отыру.
1. Автотежегіш құралдарын жөндеу бөлімшесінің құрамы және қажеттігі.

Автотежегіш құралдарын жөндеу бөлімшесі, тежегіш құралдарына локомотивте техникалық қызмет көрсетуге және локомотивтен алынған құралдарға бөлімшеде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оларды жинағаннан кейін сынақтан өткізуге арналған.
Бөлімшеде арнайы жасақталған бригада жұмыс істейді. Олар компрессорға және рельске құм себу және басқа приборларға қажетті көрсету жұмыстарын, тепловозда немесе тепловоздан алынған.
Бөліктерге бөлімшеде орындап отырады.
Бұл жұмыстарды сапалы орындау үшін бөлімше бірнеше жұмыс орындарына бөлінген.
1. Компрессор жөндеуге арналған орындар.
2. Бөтен тежеу приборларын жөндеу орындары.
Бұл бөлмелерде жөндеу жұмысына тікелей байланысты жабдықтар орналасқан.
1. Тежеу магистральдерін жалғайтын рукавты тексеретін және сынақтан өткізетін стенд.
2. Локомотивтің автоматты тежегішінің приборларын сынақтан өткізетін стенд.
3. Компрессордың өнімділігін және кері қысымға төзімділігін сынау стенды.
4. Детальдерді ультрадыбыспен тазарту қондырғысы.
5. автостоптың электрлі-пневматикалық ЭПК-150 И клапанын сынау стенді.
6. Клапан детальдерін үйкелеп тазарту қондырғысы.
7. Детальдерді құрғатып, қыздырып, май сіңдіруге арналған құрғату камерасы
бар шкаф.
8. Резервуарларды жоғары қсыммен сынауға арналған ауыспалы
гидравликалық пресс.

2. Автотежегіш құралдарын жөндеу бөлімшесінің көрші бөлімшелермен
технологиялық байланысы

Автотегежіш құралдарын жөндеу бөлімшесіне тепловозға кезекті жөндеу жұмыстарын жүргізетін ТК-5 және ТК-6 участкелерінен электрокараға тиеп, тепловоздан түсірілген ауа-компрессорлары, 3РД қысым реттегіштер, №394 машинист қрандары, №254 локомотивтің көмекші тежегішінің крандары, №367 крандардың блокировка қондырғыларын, №418 пневмоэлектрикалық сезгіш, №352 тежеу жібергішінің белгі бергіші, ал ТК-6 участкесінің №3РД қысым реттегіштер, №394 машинист крандары, №254 локомотив қосымша тежегішінің краны алып келінеді.
Сонымен бірге бөлімше слесарлары, ТК-3 участкесіне барып тепловозда машинист крандары тексереді, олардың жоғарғы жағын алып тазалап, золотник пен оның айнасының майын ауыстырады, компрессордың картеріндегі майдан лабораторияда тексеруге греба алады.
ТК-6 участкесінде компрессордың майын ауыстырады, компрессордың ауа сүзгілерін тазалап тексереді, машинист крандарының жұмысын тексереді, оларды майлайды және реттейді. №367 М крандардың блокировка қондырғысының жұмысын және жағдайын тексереді, ауа реттегіштің жұмысын және жағдайын тексереді. №418 пневмоэлектрикалық сезгіштің изоляция колодкасын және контакторының шамасын тексереді, оның жұмысын екі кабинадан да тексереді, ауа жүретін трубалардың жалғастырылған жерлерінің беріктігін жалғайтын рукавтың саулығын және бөтен тежеу магистралінің арматураларының жұмысын тексереді.
Бөлімше жұмыс барысында депоның ортақ сығылған ауа жүретін жүйесінің ауасын пайдаланады.
Чж.ш = q•Мж . /1,1/

Т•К
Мұндағы q – тепловоздың бір секциясына кезекті жөндеу немесе техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын еңбек сиымдылығы, адам/сағат.

Мж – кезекті жөндеудің немесе техникалық қызмет көрсетудің жылдық
программасы.
Т – бір жұмысшының еңбек уақытының жылдық фондасы, Т=2079 сағат.
К– жұмыс уақытын артығымен орындау коэффициенті, К=1,15 деп қабылданады.
Бөлімшесінің өндірісте істейтін жұмысшылар саны осы жобаның 3 тарауында есептелген, жалпы саны 14 адам.
Бөлімшедегі көмекші жұмысшылар саны

Чкөм=14•0,2=3 адам. /1,2/

Бөлімшені 1 шебер басқарады.

3. Бөлімшелердегі өндіріс жабдықтарын көтеру- тасымалдау құралдарын таңдау, оларды бөлімше алаңына орналастыру.

Бөлімшедегі негізгі өндіріс жабдықтары күнделікті жөндеуге болатын
тежеу құралдарының жұмыс майданына байланысты «ҚТ МПС және Желдорпроект» локомотивтерді пайдалану тәжірибесіне байланысты жасаған жабдықтар табелінен сұрыпталып алынады. Табельде ескерілмеген немесе жаңа пайда болған жабдықтарды есептеу жолымен анықтап, таңдайды.
Әртүрлі типтегі жабдықтардың керекті шамасы келесі формуламен анықталады.

А=£тк-5 Мтк-5 (1-£ шар) /1,3/
β Ф

Мұнда £тк-5 – бір кезекті жөндеуге немесе техникалық қызмет көрсетуге
жұмсалатын станок – агрегат – сағат нормасы;
£ шар – депоның шаруашылық жұмыстарына жұмсалатын станок-
агрегат-сағат шығындарын ескеретін коэффициент, оның
шамасы локомотив жөндеуге жұмсалған уақыттың,
(£шар=0,05-0,20).
β – станок жабдықтарын жөндеу жұмыстарына кететін уақыт
шамасын ескеретін коэффициент, β=0,94-0,97
Ф – жабдықтың жылдық жұмыс істеу уақыт фондасы.
Көмекші жабдықтардың саны (тискасы бар слесарь верстактары, инструмент салатын шкафтар және басқалары) жұмыс істейтін слесарлардың санына байланысты қабылданады.
Жеке жабдықтар типінің қажетті саны мына формула арқылы анықталады:

О= Мжөн • n • t
Тд • n1£ /1,4/

Мұнда n – кезекті жөндеу жұмысының түріне байланысты локомотивтің
бір секциясында болатын детальдың (агрегаттың) саны;
n1 – жабдықтың сиымдылығы – жабдықтың түрінде (станок, стенд
және с.с) бір мезгілде орналастыруға болатын деталь саны;
t – технологиялық процестің графигінен анықталатын детальді
(агрегатты) жөндеуге жұмсалатын уақыт.
Тд – жабдықтың нақты жылдық жұмыс істеу уақытының фондасы.
£ - жабдықтың депо шаруашылығына қолдану уақытын есепке
алатын коэффициент, £=1,1.

Жабдықтың нақты жылдық жұмыс істеу уақытының фондасы келесі формуламен анықталады:

Тд=Т ί φ /1,5/

Мұнда Т – бір сменадағы жұмыс уақытының жылдық нормасы, сағат.
ί – смена саны;
φ – осы жабдықты жөндеуге жұмсалатын уақытты ескеретін коэффициент.

 

Автотежегіш құралдарын жөндеу бөлімшесіндегі жабдықтар тізімі.

кесте 1.

Рет саны Жабдықтар атауы Саны Техникалық сипаттамасы
1
2

3

4
5
6

7
8
9

10

11

12

13

14 Столға арналған тесу станогы
Құралдар және жабдықтар қоюға арналған стол
Тежеу магистралін жалғастыратын рукавтарды сынауға арналған стенд
Верстак
Секциялы универсал стеллаж
Локомотивтің тежеу құралдарын сынауға арналған универсал стенд
Инструменттер қоюға арналған шкаф
Жууға арналған машина
Детальдерді кептіруге, қыздыруға және май сіңдіруге арналған шкаф
ЭПК-150 И электропневматикалық клапанды сынауға арналған стенд
Пружиналарды сынауға арналған машина
Золотниктерді және оның айнасын үйкелеп жөндеуге арналған станок
Тежеу магистралі рукавтарын орнына отырғызуға арналған станок
Клапандарды үйкелеу арқылы жөндеу жүргізуге арналған құрал 1
2

1

3
3
1

2
1
1

1

1

2

1

1 Ф 12 мм дейін
1000 х 900

А • 1114

1000 х 900 х 600
2000 х 900 х 1500

 

600 х 500

1000 х 800

Бөлімшеде қолданылатын транспорт құрылымдары негізінен электрокарадан тұрады, барлық бөлімшеге келетін, сонан соң қайта жөндеу участоктарына немесе айналымдағы қоймаға апарылатын тежеу құрал жабдықтары электрокарамен тасымалданады.
Бөлімше ішінде көтеру-тасымалдау жұмыстары үшін жоғарыға ілінген 1 тн кран-балка, 0,25 тн бұрылатын консольды балка және ролгангалы жылжымалы конвейер қолданылады.

4. Бөлімше алаңына өндіріс құралдарын орналастыру

Әр бөлімшенің өлшемдерін (биіктігі, ені, ауданы) онда қабылданған жөндеу жұмыстарының технологиясына, таңдап алынған жабдықтардың санына және орындалатын жұмыстың көлеміне жылжымалы құраманың типіне байланысты анықтайды. Жабдықтар қойылатын бөлімше алаңының ауданы, осы жабдықтар санына, оларды орнатқанда алатын орнына көбейту арқылы анықтайды.
Әр станоктың немесе басқа жабдықтардың алатын орнын, олардың арасында қалуға тиісті технологиялық үзілістерді және өтетін жолдарды ескере отырып анықтайды.
Бөлімше ғимаратын жоспарлау барысында жабдықтарды және басқа қозғалмайтын объектерді, жылжымалы құрамаларды, олардың бөліктерін, агрегаттарын және детальдерін жөндеу барысында, барлық еңбек процестері жоғары сапада, өте ыңғайлы жағдайда орындалатындай етіп жоспарланған. Осы жағдайды ескере отырып автотежегіштер құралдарын жөндеу бөлімшесі, өндірісте жиі араласатын бөлімшелер мен бөлімдерге жақын орналастырылған, бұлай орналастыру цех арасындағы тасымалдау жұмыстарын қысқартады.
Сонымен бірге еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру талаптарын орындаудың үлкен мағынасы бар.
Бөлімше алаңында жабдықтарды компановкалау осы жобаның графикалық бөлімінде (№3 парақ) орындалған. Технологиялық үзілістер, жабдықтар арасынан өту жолдары және детальдерді немесе басқа бөліктерді тасымалдау жолдары, өрт қауіпсіздігін, қауіпсіздік техникасын және еңбек қорғау шарттарын орындай отырып жасалған.

5. Ауа - компрессорын жөндеу технологиясы.

Компрессордың негізгі ақаулары және оларды жөндеу әдістері

Ауа-компрессоры қолайсыз жағдайда жұмыс істейді. Сығылған ауадан көп мөлшерде жылу бөлінеді, және бас резервуардағы ауаның жоғары қысымы, компрессор детальдеріне өте көп күш түсіреді. Жоғары температураның әсерінен поршендарында жарық пайда болады, цилиндр втулкалары жарылуы мүмкін және поршень саусақтары, коленвал істен шығуы мүмкін. Сол сияқты поршень қақпағы күйуі, поршень юбкасындағы қорғаушы полуда жарылуы, поршень сақиналары сынуы, күйіп жабысып қалуы және поршень саусақтары желінуі мүмкін, шатунда жарық пайда болуы мүмкін. Шатун болттары жарылуы, үзіліп қалуы, поршень саусақтары немесе шатундарды жалғастырушы саусақтар жарылуы, үзілуі мүмкін.
Поршень басының жарылуы, күйуі поршень түбінің шамадан тыс қызып кетуінен болады.

Компрессордың технологиясының схемасы.
Жөндеуге келген компрессордың картерінің төменгі жағындағы прокасын алып майын ағызады. Сонан соң ауа сүзгілері және алынады. Компрессордың сырты керосинмен тазалап жуылады, құрғақ салфеткалармен сүртіліп, сығылған ауамен үрленеді. Компрессор бөліктерге ажырату орнына беріледі. Компрессор мына тәртіппен бөліктерге ажыратылады.
а) салқындатқыш, май насосы, май ажыртқыш, компрессордыбос режимге ауыстыратын клапанға және май насосымен монометрге баратын трубалар ажыратылады.
б) желдеткішті, компрессор корпусының бүйір қақпағын, барлық үш цилиндрдіңде клапандар коробкаларын, алдымен төменгі қысым цилиндрлерінен, сонан соң жоғарғы қысым цилиндрінен алынады, шатундарды жайлап картерге түсіреді.
в) бекітуші сақиналарын алып, поршень саусақтарын алады, одан соң поршендерді ағытып алады.
г) коленвалды шатун подшипнигі төменгі жағына орналасатындай етіп бұрап, шатун подшипнигін ажыратады және шатун түйінін алады.
д) иінді вал басынан гайканы бұрап алып, жалғайтын муфтаны түсіреді және шпилкасын алады.
е) итеретін болттар мен орнынан қозғап корпустың алдыңғы қақпағын алады, өздігінен қысылатын сальникті алады.
ж) коленвалды картерден май насосымен және подшипниктерімен қоса алады.

Желдеткішті жөндеу.
Желдеткіш ажыратылып оның детальдері керосинге жуылып, сүртіліп және сығылған ауамен үрленеді. Шарикті подшипниктері тозса және бөтен дефектері болса ауыстырылады. Қалақшаларда жарық болса және ол шетіне 20 мм жетпейтін болса пісіріледі. Пісірілген қалақшаларға балансировка жасалынады. Желдеткіштің осі желінген болса, резьбасы үзілген болса және жарығы болса ауыстырылады.
Салқындатқышты жөндеу.
Салқындатқыш ажырату алдында ыстық сумен жуылады және су астында сығылған ауамен тексеріледі. Салқындатқыштың трубкаларының іші май қалдықтарынан 0,5-0,6 МПа қысыммен бу жіберу арқылы тазаланады. Коллекторда табылған жарықтар пісіру жолымен жойылады.
Компрессор жөндеу жұмыстары орындалған соң ажырату процесіне кері бағытта жиналады.
Дайын компрессор арнайы стендте сынақтан өткізіледі. Компрессорды жөндеудің және жинаудың сапасын анықтау үшін, оның техникалық сипаттамасын анықтау үшін сынау процесін келесі тәртіппен жүргізеді.
а) Компрессорды клапандар коробкасын және салқындатқышты салмай жұмыс істету.
б) Компрессордың детальдерінің және майының қызуын тексеру.
в) Компрессорды жоғары қарсы қысымда тексеру.
г) Компрессордың өнімділігін тексеру.
д) Компрессордан ауа қашуын тексеру.

 

6. Автотежегіштерді жөндеу бөлімшесінің жұмысы

Ауа-компрессорын тазалау, ажырату, жөндеу және сынау позициялары

Компрессордың сырты сығылған ауамен үрленіп тазартылып, ваннаға керосинмен жуылып, құрғатылады және бөлікке ажырату позициясына беріледі. Компрессор бөліктерге ажыратылады. Салқындатқыш, желдеткіш, ауа сүзгілері алынып цилиндр қақпағы ашылып, цилиндрлер, поршеньдер алынып, подшипнигі ажыратылып шатундар алынады, май насосы және горловина қақпағы алынып коленвал алынуы керек. Картерді және басқа бөліктер, сақина керосинмен жуылып, кептіріліп, жөндеу позициясына беріледі.
Шатунды, шатун болттары, коленвал магнитті тексеруден өткізіледі. Втулкалардың, цилиндрлердің жұмыс беттері жырылған немесе овал түрінде 0,3 мм артық желінген болса келесі градацияға жонылады, ал конус түрінде желінуі 0,1 мм аспауы керек. Коленвалдың мойнының овальды және конус түріндегі желінуі 0,1 мм асса ол шлифовка арқылы түзетіледі. Шарикті подшипниктер валға қыздыру арқылы отырғызылады.
Шатунның втулкасы мен саусақ арасындағы саңлау 0,1 мм жоғары болса саусақ беті хромдалсын, немесе втулка қайта отырғызылады.
Поршень саусағы мен поршень тесігі арасындағы саңлау 0,12 мм жоғары болса олар ауыстырылады. Клапан пружиналарының биіктігі 10 мм кем болса ауыстырылады. Салқындатқыш ыстық сумен жуылып, оның бүтіндігі 0,9 МПа қысыммен суға батырылып тексеріледі. Вентилятордың балансировкасы тексеріліп, оның дисбалансы 25-10-4 Н м аспайды.
Компрессор мына тәртіппен жиналады. Картерге май сүзгісі орнатылып, коленвалға шарикті подшипниктер отырғызылады, коленвал картерге отырғызылғаннан кейін алдыңғы қақпақ жабылады. Шатун түйіні картерге кіргізіліп, коленвалмен жалғанады, поршеньдер қойылады, поршеньдерге цилиндрлер киізіледі, клапан коробкалары қойылып бекітіледі. Май насосы
жалғанып, ауа сүзгілері қойылып, картер крышкасы жабылып желдеткіш қойылады. Компрессор стендке отырғызылып сынақтан өткізіледі.

№394 машинист кранын тазалау, ажырату, жөндеу

№394 машинист краны сығылған ауамен үрленіп, тазартылып, ваннада керосинмен жуылып, құрғатылып және бөліктерге ажырату позициясына беріледі. Кран бөліктерге ажыратылып, жоғарғы, ортаңғы, төменгі бөліктері, редуктор және стабилизатор бөлшектерге ажыратылып, ваннада керосинмен жуылады, кептіріледі жөндеу позициясына беріледі.
Кран бөлшектерді мұқият тексерген соң, золотник оның айнасына ГОИ пастасымен үйкеліп тазартылады, кранның төменгі бөлігінде теңестіргіш поршенның сақиналары және екі тұғырлы клапан үйкеліп тазартылады.
Теңестіргіш поршеннің жүрісі, оның тығыздығы тексеріледі. Редуктордың ауа қосқыш клапанының тығыздығы, стабилизатор клапанының тығыздығы және стабилизатор корпусындағы ниппель тесігінің диаметрі тексеріледі. Кран жиналады, жиналған кран стендке қойылады, оның жұмысы тексеріледі.

№254 көмекші тежегіш кранын тазалау, ажырату, жөндеу

№254 локомотивтің көмекші тежегішінің краны сығылған ауамен үрленіп, тазартылып, ваннада керосинмен жуылып, құрғатылып бөліктерге ажырату позициясына беріледі.
Кран бөліктерге ажыратылған соң, жоғарғы, ортаңғы және төменгі бөліктері бөлшектерге ажыратылып, ваннада керосинмен жуылып, кептіріліп жөндеу позициясына беріледі.
Поршеньдер втулкасының беті жырылған болса немесе 0,2 мм овал түрінде желінген болса, бетінде образиві бар шойын сақинамен тазаланады. Екі тұғырлы клапан ГОИ пастасымен үйкеліп тазартылады. Кран жиналыл, жиналған кран стендке қойылады және оның жұмысы тексеріледі.

 



7. Бөлімшенің жылдық өндірістік бағдарламасы

Автотежегіш құралдарын жөндеу бөлімшесінің жылдық өндірістік программасы ТК-6 участкелерінің жылдық өндірістік программаларына тіке байланысты анықталады. Бұл участкелерінің жылдық жүрісінің өндірістік программалары локомотивтердің жылдық жүрісінің шамасымен және әр локомотив сериясына байланысты кезекті жөндеулер мен техникалық күтімдер арасындағы локомотив жүрісінің нормасымен анықталады.
1999 жылғы 12 тамыздағы «Қазақстан темір жолы» РМК бастығының №536-1 бұйрығына сәйкес, поезд тартуда қолданылып жүрген тепловоздар үшін кезекті жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетудің жылдық программасы келесі формулалармен анықталады:

 

МКР2=М S жыл /1,6/
L КР2

МКР1= М • S жыл - М S жыл
L КР2 L КР2 /1,7/

МТК8= М • S жыл - М S жыл
L ТК8 L ТК8 /1,8/

МТК7= М S жыл - М S жыл
L ТК7 L ТК8 /1,9/

МТК6= М S жыл - М S жыл
L ТК6 L ТК7 /1,10/

МТК5= М S жыл - М S жыл
L ТК5 L ТК6 /1,11/

 

Мұндағы: МS жыл – локомотивтердің жылдық жүрісі, 90 км/сағ.
L КР2, L КР1, L ТК8, L ТК7, L ТК6, L ТК5 - күрделі, кезекті жөндеулер мен техникалық күтімдер арасында локомотивтің жүру нормалары, км.
Жобаланып отырған депо тек ТК-6 көлемінде тепловоздарға қызмет көрсететін депо болуы себепті бұл депода пайдалану паркі жоқ, жөндеуге тепловоздар көрші деполардан келеді, тапсырма бойынша ТК-6 өтетін тепловоз саны бір жыл көлемге.
Мжөн =180 тепловоз, ал қайта жөндеуге келетін тепловоз саны

Мжт=Мжөн • 0,2=180 • 0,2=36 тепловоз. /1,12/

Локомотивтердің тежеу құрылымдарына техникалық қызмет, жөндеу және сынау жұмыстарын жасауға арналған номері ИТ/3549 нұсқауына сәйкес ТК-7 кезекті жөндеу барысында тепловоздан №3РД қысым реттегіші, машинист крандары және көмекші тежегіш крандары, компрессор, крандардың блокировкалық құрылымдары, пневможлектрикалық сезгіштер, ауа реттегіштер, жалғастырушы рукавтар, электрпневматикалық клапандар, бас резервуарлар, рычагты беріліс детальдері тепловоздан алынып бөлімшеге жеткізілуі тиіс.

Сонда бөлімшенің жылдық жұмысы мына формуламен анықталады:

М=МТК-5 • m + Мжт • m; /1,13/

Мұндағы: МТК-5, - ТК-5 кезекті жөндеуден өтетін тепловоздар программасы.
Мжт – жоспардан тыс жөндеуге қайтып оралатын тепловоз саны, ол жөндеуден шыққан тепловоз паркының шамамен 20% құрайды.
m – тепловоздағы аттас аппарат саны.

1. Компрессор ; Мк = 180 * 2+36*2=432 дана.
2. Реттегіш 3РД; Мр=180*2+36*2=432 дана.
3. №394 машинист краны; Мкр=180*2+36*2=432 дана.
4. №254 локомотивтың көмекші тежегішінің краны
Мкр=180*2+36*2=432 дана.
5. №367 М крандардың блокировкалау қондырғысы
Мбл=180*2+36*2=432 дана.
6. Жалғастырғыш Р1/ рукавтары/ қолқаптары
Мрук=180*2+36*2=432 дана.
7. №150 И – электропневматикалық клапан
Мкл=180*2+36*2=432 дана.
8. Бас резервуар Мру=180*8+32*8=1728 дана.

 

8. Автотежегіш құралдарын жөндеу бөлімшесінің жұмыс
әдісін таңдау және оның параметрлерін есептеу

Бөлімшеде тежеу құралдарын жөндеуден өткізу ағынды әдіспен ұйымдастырылған, қазіргі уақытта қолданылып жүрген бұл әдіс тежеу құралдарын сапалы жөндеу жұмыстарынан өткізуге және жоғары еңбек өнімділігіне қолжеткізуге мүмкіншілік тудырады.
Осы әдісті бөлімше жұмысына толық енгізу мақсатында автотежегіштер бөлімшесінде келесі жұмыстар орындалған:
1. Барлық өндірістік жөндеу процесі бірнеше операцияларға бөлінген, бұл операциялар барынша механизацияланған, арнайы ұйымдастырылған, жұмыс орындарында орындалады.
2. Жөндеу жұмыстары істен шыққан детальдер мен бөліктерді олардың жаңаларымен немесе алдын ала жөнделіп қойылған бөліктерімен алмастыру принципымен, олардың кезектілігін болмаса қатар орындалу шартын қатаң сақтай отырып орындау қарастырылған.
3. Жұмыс орындарын материалмен, тексеру-өлшеу құралдарымен және жұмыс объекталарымен уақытылы қамтамасыздандырып отыру қарастырылған.
Ағынды тізбектің ритімі мына формуламен анықталады:

Ч і = Т а т
М /1,14/

Мұнда: Чі – жеке прибор жөндеу ағын тізбегінің ритімі;
Тат – ағынды тізбектің жылдық жұмыс уақытының фонды, бір сменалық жұмыста.
Тат =2000 сағат.
М – жеке прибордың жылдық жөндеу программасы.
Ауа- компрессорын жөндеу тізбегінің ритімі:

Чк=2000=4,62 сағат /1,15/
432

№3РД қысым релесін жөндеу тізбегінің ритімі:

Чр=2000=4,62 сағат
432 /1,16/
№394 машинист кранын жөндеу тізбегінің ритімі

Чкр=2000=4,62 сағат /1,17/
432
№254 локомотивтің көмекші тежегішінің кранын жөндеу тізбегінің ритімі:

Чкр=2000=4,62 сағат /1,18/
432
№367 М машинист крандарын жөндеу тізбегінің ритімі

Чбл=2000=4,62 сағат /1,19/
432

Жалғастырғыш рукавтар жөндеу тізбегінің ритімі
Чрук=2000=1,15 сағат
1728 /1,21/
ЭПК-150 И электропневматикалық клапан жөндеу тізбегінің ритімі:

Чкл=2000=4,62 сағат
432 /1,22/
Бас резервуарларды қарау, жөндеу, гидравликалық сынақтан өткізу тізбегінің ритімі:

Мру=2000=1,15 сағат
1728 / 1,23/

 

 


9. Компрессорды сынауға арналған құрылым
Арнайы стендтен компрессорларды сынақтан өткізу жайы; бөлшектерді жұмысына арналған әр түрлі режимдегі 1,5 сағ аралығында мұздатқыш және клакан қорабынсыз айналдырады.
Айналдырып болғаннан кейін май шашырау болмауы керек; дұрыстап істеуге келмесе желінген сақинаны ауыстыру қажет. Компрессорларды толық жинап болғаннан кейін қисыммен 0,8 мПа және қисымсыз n=270 айн/мин кезінде 2 сағ аралығында қыздырып сынақтан өткізеді.
Сынап болғаннан кейін картердегі май температурасы 65°С аспауы керек, ол қызған ауа температурасы 180°С жоғарыламауы керек. Компрессорды тоқтатпай максималдықпен колен валды айналдыру жиілігін үстемелеп және 1 сағ аралығында май температурасын өлшеп, ол 85°С-ден жоғары болмауы керек.
Ағымды ауа температурасы 180°С артыққа жіберілмейді. Картердегі май температурасы, сонымен қатар колен вал температурасы 20°С жоғары болмауы керек. Май қысымы максималылық валдың айналу желілігі 0,3мПа-дан, ал 0,15мПа-да- n=270 айн/мин кезінде асппауы керек.
Колен вал айналым желілігі максималды кезінде және резервуарда 0,8мПа қысым көрсетеді, 7 және 8, крандарын ашуға жолын ұстап, 8 жабылу краны, ал 9 ашылу және уақытты t(с) тексеру кран, 10 резервуардағы қысымның жоғары 0,4мПа дейін, Т2- ауа температурасы 10 және Т1(°С) қоршаған орта резервуардағы ауа температурасы.
Нақты алынғанда анықтаманы қолданып компрессорге беру жайын мына формуламен анықтаймыз (м3/мин)
Qк= 48(Т1+273)/(Т2+273)t; /1,24/
Компрессорге жіберу жайы 2,75 м3/мин болса, колен валдың айналу жиілілігі кезінде 440 айн/мин және 5,3 м3/мин кезінде n=850 айн/мин
Qк= 48(180+273)/(180+273)=48 м3/мин
10. Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік
Еңбекшіге қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болдырмау мақсатында техника қауіпсіздігіне сәйкес технологиялық процеске және өндіріс құралына қауіпсіздік талаптары белгіленген.
Бұл талаптар ұйымдастыру және техникалық шаралардан тұрады . Ұйымдастыру шараларына жұмыс орындарын техника қауіпсіздігіне сай жабдықталуын қамтамасыз ету, еңбекшілер мен техника қауіпсіздігін сақтау жөніндегі ескерту жұмыстарын жүргізу. Техникалық шаралар қондарғыларының техника қауіпсіздігіне сай жұмыс істеуін қамтамасыз ету осы талаптарды орындау мақсатында жобаланып отырған бөлімшелерде, күнделікті слесарлар мен еңбек қауіпсіздігі туралы ережелер өтіп отыру, сол сияқты олардың еңбек қауіпсіздігін сақтауы үнемі қадағаланып тұрады.
Бөлімшедегі қондырғылар депоның бас механигіне қарасты қосалқы шаруашылық бөлімі жөндеушілері мен ағынды жөндеуден өтіп отыру керек. Жобаланып отырған бөлімшедегі стендтер, көтеріп-тасымалдау крандары, жөндеу құралдары жыл сайын сынақтан өтіп отырады. Сынақтан өтпеген құрылмдар технологиялық процесте еңбек қорғау талабына сай емес деп табылады, оны пайдалануға тиым салынады.
Автотежегіш құралдарын жөндеу бөлімшесінде ТҚ-5, ТҚ-6 кезекті жөндеу және ТҚ-3 техникалық қызмет көрсету учаскелерінде тепловоздан алынған автотежегіш құралдары жуылады, тазаланады, жөнделеді және сынақтан өтеді.
Осы жұмыстарды орындау барысында бөлінетін зиянды факторларға мыналар жатады:
-тежеу приборларының сыртын жуғанда мұнай өнімдерінің түрлі қоспасы жуған суға араласады;
-тежеу приборларының буы және керосин қалдықтары, приборлардың сыртын және олардың ішкі детальдарын сығылған ауамен үрлегенде бөлінетін шаңдар, компрессорды сынап тексергенде бөлінетін шу және вибрация, бөтен тежеу приборларын сынағанда туындайтын шу және шаң.
Сонымен бірге бөлімшелерде жоғарғы қысымды жұмыс істейтін ыдыстар мен резервуарлардың саны көп, олармен жұмыс істеу өте қауіпті.
Компрессорды сынау стендінде ашық айналып тұратын бөліктер бар, компрессорды жөндеу процесінде жұмыс орны пневматикалық гайкабұрағыштармен, түрлі валдан, шестерня, муфта алуға арнлған съемник пен және басқа сығылған ауамен жұмыс істейтін агрегаттармен жабдықталған, оларға шланга арқылы жоғары қызымды сығылған ауа келтіріледі.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы темір жолдарында соңғы уақытта жасалып жатқан структуралық өзгерістерге сәйкес локомотив шаруашылығы деполарында көп өзгерістер енгізлген. Соған байланысты осы тақырыбы: Тепловоз автотежегіш приборларын жөндеу, ТҚ-6 көлемінде 3 РД типті қысым релесін жөндеу жұмысын зерттеу, тепловоз автотежегіштерін жөндеу, локомотивтерге техникалық қызмет көрсету және жұмысы ұйымдастырылады. Темір жол көлігінде қолданылатын тежегіштердің негізгі типі - пневматикалық автоматты тежегіш. Бұл тежегіште пойыздағы вагондардың тежегіштерін басқару үшін белгі - пневматикалық магистраль арқылы, ондағы ауа қысымын көтеру немесе түсіру арқылы беріледі. Әр вагондағы пневматикалық құрылымдар бұл белгілерді қабылдап алып, қысым көтерілген жағдайда запас резервуарларды сығылған ауамен толтырып, тежеу цилиндрлерін атмосфераға қосады, ал ауа қысымы төмендегенде запас резервуарды тежеу цилиндрімен қосады. Тежеу күші колодканы дөңгелек қосағының дөңгелейтін бетіне қызу арқылы шығарылады. Тежегіштің автоматты деп аталуы - тежегіш пойыз үзілсе, жолаушылар пойызында қауіпті-авариялық жағдайда вагондардың қайсысынан болмасын стоп-кранды ашқанда тежегіш өздігінен іске қосылады. Тежегіштердің жүріп бара жатқан пойызда сәтті жұмыс істеуі, көп жағдайда оған көрсетілген техникалық қызмет және кезекті жөндеу жұмыстарының сапасына байланысты. Тепловоз автотежегіштер жабдықтарына техникалық қызмет және кезекті жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған бөлімше жұмысы ұйымдастырылған, жөндеу процесінде озық технология қолданылып, жұмыс орындарын ғылыми негізде ұйымдастыру процестері қаралған. Теміржол көлігі сауда айналымы сферасына өндіріс түрі болып қатыса отырып, қоғамдық өндірістің өсуіне өз ықпалын тигізеді. Сол себептен теміржол көлігі жүк тасымалдау және пойыз өткізу тәсіліне қабілетіне көп резервін сақтай отырып, бүкіл халық шаруашылық салалармен қатар, шаруашылық басқарудың жаңа өндірістеріне көшіп отырып немесе теміржол салаларында барлық өндіріс орындары нарықтық система жағдайында жұмыс істеу әдістерін игереді.

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ОҚУЛЫҚТАР

1. Иванов В. П. И. Н. Вождаев, Ю. Н Дьяконов. « Тепловозды жөндеу технологиясы» М: Транспорт 1980

2. Пойда А. А Тепловозы . «Механикалық жабдықтар». Устройства и ремонт. М: Транспорт, 1986 ж

3.Володин А. И « Локомотивтің іштен жану қозғалтқыштары» М: Транспорт, 1998ж

4. «Тепловоздың қозғалтқышы типа Д49» авт.Е. А Никитин, В. М. Ширяев, в. Г Быков

5. « Тепловозды жөндеу» авт. Норкин Я. А., Углинский А. Я., Пономаренко В. Т М: Транспорт, 1967ж

6. « Тепловозды жөндеу бойынша анықтама» авт. Кокошинский И. Г,. Клименко Л. В., Горбатюк В. А М: Транспорт, 1976ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Раздел: Презентации по обществознанию, праву и экономике для 11 класса
© При использовании материала ссылки на автора и сайт обязательны! Получить выходные данные

 Подпишитесь на рассылку с ПОЛЕЗНЫМИ акциями и новостями сайта!

Автор:
преподаватель Кызылординский аграрно-технический высший колледж им И.Абдукаримова
Размер файлов: 1.16 MB
Дата публикации: 10.01.2019
Количество скачиваний: 1
 Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Абуова А. Т. Тепловоз автотежегіш приборларын жөндеу жұмысын зерттеу // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://edupres.ru/prezentatsii-po-obshchestvoznaniyu/11-klass/file/28607-teplovoz-avtotezhegish-priborlaryn-zh-ndeu-zh-mysyn-zertteu (дата обращения: 16.01.2019)
  Скачать сертификат о публикации— как получить такой сертификат

Смотрите полезное видео!

Обновите страницу для просмотра другого ролика.
 
Другие презентации из этой категории